Қазақстанда алғаш рет онкологтар 3D-технологияның көмегімен жамбас сүйегін қайта құру операциясын жүргізді

Қазақстанда алғаш рет онкологтар 3D-технологияның көмегімен жамбас сүйегін қайта құру операциясын жүргізді

Қазақстанда алғаш рет онкохирургтер 3D-технологияның көмегімен жамбас сүйегін қайта жаңарту операциясын жүргізді.

Операция Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының сүйектердің, жұмсақ тіндердің және меланомалардың ісіктері Орталығында жүргізілді.

23 жастағы науқасқа «Хондросаркома”диагнозы қойылды.

«Науқасқа ҚазОжРҒЗИ-да мультидисциплинарлық дәрігерлер тобы кеңес берді. Бұрын бұндай жағдайларда хирургтар жамбас сүйектерінің зақымдалған аймағын алып тастауға мәжбүр болды. Бұл жамбас қуысының тұтастығын бұзады, адамның жүрісінің бұзылуына, науқас омыртқасының қисаюына әкеледі. Бірақ емделушінің жасын ескере отырып, онкохирургтар өз алдына ісікті алып тастап қана қоймай, науқастың өмір сапасын да сақтап қалу мақсатын қойды», – деді онкохирург, «ҚазОжРҒЗИ» АҚ Сүйектердің, жұмсақ тіндердің және меланомалардың ісіктері орталығының басшысы Ғани Серікбаев.

Осы жобаны іске асыру үшін қытайлық Koln 3D Technology компаниясымен (Гонконг университетімен бірлесіп) ұзақ мерзімді меморандум жасалды. Науқастың КТ-деректері Гонконгқа жіберілді. Гонконгта 3D-басып шығару арқылы кобальт-хром қорытпасынан арнайы протез жасалды.

Операция 2022 жылдың қыркүйек айында ҚазОжРҒЗИ-да өтті. Операция барысында пациенттің қыр-мықын сүйегінің қанаты, сондай-ақ ісіктен зардап шеккен жұмсақ тіндер алынып тасталды.

Жамбас қуысын қалпына келтіру үшін компьютерлік және 3D технологияларды қолдана отырып, жеке мәліметтер бойынша жасалған жеке эндопротезбен жамбас сүйектерін қайта құру жүргізілді. Ота 3 сағат жалғасты.

Науқастың отадан кейінгі кезеңі жақсы өтуде, науқас операциядан кейін 5-ші куні белсенді болды.