“ҚазОжРҒЗИ” Акционерлік қоғамының жас мамандары Ташкентте өткен байқауда жүлделі орындарға ие болды

“ҚазОжРҒЗИ” Акционерлік қоғамының жас мамандары Ташкентте өткен байқауда жүлделі орындарға ие болды

2022 жылғы 08-09 қараша аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында магистрлер мен клиникалық ординаторлардың “Клиникалық онкология мен радиологияның өзекті мәселелері” атты I Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Ташкент конференциясында Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясының жас ғалымдарының баяндамалары ұсынылды.
Конференцияның халықаралық кеңесі мен қазылар алқасын ТМД елдерінің, оның ішінде Қазақстаннан келген онкология және радиология саласындағы жетекші мамандар таныстырды.
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының жас мамандары магистрлер мен клиникалық ординаторлар арасында үздік баяндамалар байқауына қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 35 баяндамашы арасында ҚазОжРҒЗИ-дың Меланомалардың, сүйектер мен жұмсақ тін ісіктері орталығының дәрігері Жанат Пысанова 1 орынды иеленді. Ол “Жілік және жамбас сүйектерін хирургиялық емдеудің заманауи тәсілдері” тақырыбында баяндама жасады. Ғылыми жетекшілері: ҚР ҰҒА академигі Д.Р. Қайдарова және м.ғ.к. Г.А. Серікбаев болды.

ҚазОжРҒЗИ сүт безі ісіктері орталығының 1-курс резиденті Еркежан Мұратова Еуропа клиникаларында тағылымдамадан өту грантын жеңіп алды. Ол “клиникалық жағдай: жүктілікпен қатарласқан сүт безі қатерлі ісігі” тақырыбында баяндама жасады. Ғылыми жетекшісі: доцент Н.А. Омарбаева.

Құттықтаймыз!