ҚазОРҒЗИ және Қазақстанның барлық онкологиялық ұйымдарында жатыр мойны қатерлі ісігі бойынша Ашық есік күні!

ҚазОРҒЗИ және Қазақстанның барлық онкологиялық ұйымдарында жатыр мойны қатерлі ісігі бойынша Ашық есік күні!

Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтында, сондай-ақ ҚР барлық онкологиялық ұйымдарында (мемлекеттік онкологиялық диспансерлер, онкологиялық орталықтар және т.б.) 2020 жылдың 25 қаңтарында (сенбі күні) сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін жатыр мойны қатерлі ісігін алдын алу және ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді.

Акция қаңтар айында өтетін жатыр мойны қатерлі ісігін алдын алу апталығына ыңғайластырылған.

Бұл күні әйелдер тегін кеңес ала алады, сонымен қатар онкогинекологтан тексерістен өтіп, өздерін қызықтырған барлық сұрақтарын қоя алады!

Қосымша ақпаратты +7 (727) 349-61-16 телефонына және тұрғылықты мекен-жай бойынша жергілікті онкологиялық диспансерлерге хабарласып біле аласыздар.

ҚазОРҒЗИ мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 91 үй, Шағабутдинов көшесінің қиылысында. Қабылдау және кеңес беру бөлімшесі.

Жатыр мойны қатерлі ісігі жатыр мойыны эпителийінде пайда болатын қатерлі ісік болып табылады. Қазақстанда онкопатология құрылымында жатыр мойны қатерлі ісігі сүт безі қатерлі ісігінен кейін әйелдер арасында екінші орынды алады. Жыл сайын жатыр мойны қатерлі ісігінің 1700-ден астам жаңа жағдайы тіркеледі және осы аурудың 600-ге жуық жағдайы өлімге әкеледі.

Өзіңіз келіңіз және өзіңізбен бірге әпкеңізді, анаңызды және апаңызды ертіп келіңіз!