Біз жатыр мойны обырының алдын ала аламыз!

Біз жатыр мойны обырының алдын ала аламыз!

Ерте вакцинация! Скрининг! Барлық мұқтаж жандарға арналған заманауи терапия!

Prevention Cervical Cancer Week шеңберінде Қазақстанның жетекші мамандары әртүрлі бейіндегі дәрігерлердің кең аудиториясы үшін «Жатыр мойны обырының алдын алудың, диагностикалаудың және емдеудің заманауи әдістері» тақырыбымен ақпараттық-білім беру семинарын өткізді, оның барысында гибридті форматта жатыр мойны обырын диагностикалаудың, емдеудің және алдын алудың заманауи әдістері туралы өзекті ақпаратпен бөлісті. Семинар спикерлері ретінде: Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, «ҚазОжРҒЗИ» АҚ Басқарма Төрайымы, Қазақстан Республикасының онкологтары мен радиологтары қауымдастығының президенті – Диляра Радикқызы Қайдарова; медицина ғылымдарының кандидаты, «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының директоры – Айнагүл Мұқанқызы Қуатбаева; медицина ғылымдарының кандидаты, «ҚазОжРҒЗИ» АҚ онкогинекология орталығының меңгерушісі – Ерлан Қайырлыұлы Кукубасов және МВА, «ҚазОжРҒЗИ» АҚ Басқарма Төрайымының ғылыми-стратегиялық қызмет жөніндегі орынбасары – Оксана Владимировна Шатковская сөз сөйледі. Жатыр мойны обырының, сондай-ақ басқа да онкологиялық аурулардың тиімді алдын алу үшін HPV вакцинация әдісінің өте жоғары әлеуетіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, мамандар жергілікті тұрғындарды да ұмытпай, жетекші онколог-гинеколог дәрігердің кеңесін алғысы келетіндердің барлығына есігін айқара ашты.

Бұдан жасалған негізгі қорытынды адамдар жатыр мойны обырының проблемаларына және осы қорқынышты аурудың алдын алу мәселелеріне алаңдайды.

Ал біз, мамандар, осы дерттің алдын алу шаралары, диагностикасы және емдеудің заманауи әдістері туралы хабардарлықты арттыру үшін бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз.