Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой іс-сапар шеңберінде Алматы қаласындағы Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-да болды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой іс-сапар шеңберінде Алматы қаласындағы Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-да болды

Атап айтқанда, министр, 18 жасқа дейінгі балалар химио және сәулелік терапия алатын балалар онкологиясы орталығын аралады.

Бұдан басқа, денсаулық сақтау министрі Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде ашылған «ҚазОжРҒЗИ» АҚ аумағындағы заманауи операциялық блок, стационар және ПЭТ/КТ-орталығын аралап, медицина қызметкерлімен сөйлесті.

ҚР ДСМ Қазақ онкология және радиология ҒЗИ онкологиялық науқастарды алдын алуға, ерте диагностикалауға, тиімді емдеуге және оңалтуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асырумен айналысады.

Институт клиникасында жыл сайын 8500-ден астам пациент емделеді, ісіктердің барлық локализациясы үшін жылына 1500-ден астам хирургиялық араласу жасалады, олардың көпшілігі органикалық және реконструктивті-пластикалық сипатқа ие, тек осы жерде конформды сәулелік терапия жүргізіледі.

Институтта республикада қатерлі ісіктердің кейбір түрлерімен ауыратын науқастарға көмек көрсету бойынша жалғыз-ақ бөлімшелер жұмыс істейді. Қазақ онкология және радиология ҒЗИ жағдайында қатерлі ісіктерді дәрілермен емдеудің заманауи принциптері, соның ішінде таргеттік терапия, жоғары дозалы химиотерапия және имуунотерапия кеңінен қолданылады. Клиника ісік процестерін толыққанды, терең диагностикалау мен емдеу үшін соңғы буынның заманауи жабдықтарымен жабдықталған. Институттың заманауи зертханалары зертханалық зерттеулердің барлық түрлерін Жалпы клиникалық зерттеулерден молекулалық-генетикалық зерттеулерге дейін орындайды.

Alexey Tsoy
Диляра Каидарова