ГИД ПО ВАКЦИНЕ ОТ КОРОНАВИРУСА

ГИД ПО ВАКЦИНЕ ОТ КОРОНАВИРУСА

 

8. ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?
✅Кез келген вакцинация, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация ЕРІКТІ түрде жүргізіледі.
Сіз вакцинациядан жазбаша түрде бас тарта аласыз. Бұл үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделмеген.
Коронавирусқа қарсы вакцинация ТЕГІН жүргізіледі.
9. КОРОНВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?
✅Вакцинация тұратын жері бойынша емханада жүргізіледі. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіздің болуы керек.
Екпе салардың алдында сізден сауалнама, ерікті ақпараттандырылған келісім парағын толтыруды сұрайды және жадынама береді.
Дәрігер медициналық қарап-тексеруі – дене қызуын, қан қысымын, сатурация және т.б. өлшеуі тиіс.
Вакцинациядан кейін 30 минут дәрігердің бақылауында, содан кейін 3 күн учаскелік дәрігердің бақылауында боласыз.
Сізге вакцинациядан кейін өзіңізді нашар сезінген жағдайда қай жерге бару туралы ақпарат көрсетілген парақ берілуі тиіс.
Вакцинаның екінші дозасын бірінші вакцинациядан кейін 21 күннен соң аласыз. Вакцинациялау күні мен уақыты туралы СМС-хабарлама телефоныңызға бір тәуліктің ішінде келеді.
10. ВАКЦИНАЦИЯҒА ҚАНША УАҚЫТ ҚАЖЕТ?
✅КВИ-ге қарсы вакцина алу үшін сізге шамамен бір сағат уақыт қажет.
10 минут
Екпе алудың алдында дәрігердің қарап-тексеруі керек.
15 минут
Препаратты дайындау. Вакцина мұздатылған күйде сақталатындықтан, препаратты процедура алдында еріту керек.
30 минут
Екпе салғаннан кейін бақылау. Сіз екі екпе туралы белгісі бар – вакцинациялау күні, вакцина атауы көрсетілген және дәрігердің қолы қойылған атаулы сертификат аласыз.
11. COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ ҚАНДАЙ?
✅18 жасқа толмасаңыз
✅жүкті және бала емізетін әйел болсаңыз
✅екпеге дейін 2 аптаның ішінде және вакцинациялау кезінде ЖРВИ-мен ауырған болсаңыз
✅вакцинациялау кезінде дене қызуыңыз 37°С-тан жоғары болса
✅жіті инфекциялық және инфекциялық емес ауру деген диагноз қойылса
✅созылмалы ауруларыңыз және аллергиялық реакция асқынса
✅дәрігердің медициналық тексеруінен өтпесеңіз
✅сізде медициналық қарсы көрсетілімдер болса.