Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мамандар тобы Жамбыл облысына келді

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мамандар тобы Жамбыл облысына келді

“2023 жылы денсаулық сақтау саласында үйлестіру мен әдіснамалық басшылық көрсетудің кейбір мәселелері туралы” ҚР ДСМ 2023 жылғы 13 ақпандағы №91 бұйрығын орындау шеңберінде “Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты” АҚ мамандарының тобы 2023 жылғы 13 наурыздан бастап Жамбыл облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының базасында жұмысын бастады.

Топ құрамында: “ҚазОжРҒЗИ” АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары О.В. Шатковская, ҚазОжРҒЗИ сүт безі ісіктері орталығының басшысы, м.ғ.д. А.Ж. Абдрахманова, ҚазОжРҒЗИ онкогинекология орталығының басшысы, м.ғ.к. Е. Кукубасов, тері және жұмсақ тіндердегі сүйек ісіктері орталығының басшысы, м.ғ.к. Г. А. Серікбаев бар.

Институт мамандары Жамбыл облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында емделіп жатқан пациенттерді аралап, барлығы 30-дан астам пациентке кеңес берді. Сондай-ақ, ҚазОжРҒЗИ мамандары мультидисциплинарлық топтың отырысына қатысып, бастапқы пациенттерді жүргізу тактикасын талқылады.

ҚазОжРҒЗИ сүт безі ісіктері орталығының жетекшісі, м.ғ.д. А.Ж. Абдрахманова Жамбыл облысының маммологтарына, онкологтарына сүт безінің ісікке дейінгі ауруларын диагностикалау және емдеу бойынша дәріс өткізді. Сонымен қатар,
14 наурызға онкогинекологиялық патология және жұмсақ тіндердің ісіктері үшін көрсетілім операцияларын жүргізу жоспарланған.

Сондай-ақ, Тараз қаласы мен оған іргелес аудандардың емханаларына бару және пациенттерге кеңес беру жоспарланған.

ҚазОжРҒЗИ мамандар бригадасы Жамбыл өңірінде 2023 жылғы 16 наурызға дейін жұмыс істейтін болады.