Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бас онкологы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры,  м.ғ.д.,  ҚР ҰҒА академигі,  Диляра Қайдарованың

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бас онкологы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры, м.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі, Диляра Қайдарованың

2018 жылдың 05 қазанындағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауына пікірі

09.10.2018

5 қазан, жұма күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жолдады.

9 қазанда жалпы жиналыста Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері Елбасы жолдауын талқылап, қолдады.

Елбасы Жолдауының негізгі тақырыбы: Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру.

Нұрсұлтан Назарбаев медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналатынын атап өтті.

Елбасы ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажеттігін тапсырды.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырды. Осы мақсаттарға келесі жылы 5 миллиард теңге бөлінеді.

Сондай-ақ, Елбасы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиістігін, бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін де атап айтты.

Елбасы Жолдауы біздің Республикамыз бен халқымыз үшін өте маңызды. Мемлекет басшысы медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту және онкологиялық ауруларды емдеудің ерекшеліктерін атап өтті. Қазақстанда да, бүкіл әлемдегідей, онкологиялық аурулардың өсуі байқалып келе жатыр. Жыл сайын елімізде 35 мыңға жуық қатерлі ісіктің жаңа жағдайы тіркеледі. Алайда, дәрігерлердің күш-жігерінің арқасында Қазақстанда онкологиялық аурулардың өлім деңгейі біртіндеп төмендеп келе жатыр. Біздің міндетіміз – өмір сүру ұзақтығын арттыру және қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау.

Қазіргі таңда онкологиялық аурулардың өлім-жітімі жүрек-тамыр патологиясынан кейін екінші орында тұр. Онкологиялық ауруларды емдеуге жыл сайын 36 млрд. теңге бөлінеді. Тағы да 4 миллиардқа жуық теңге тегін онкоскрининг жүргізуге бөлінді.

Қазір Қазақстанда тегін онкосринингтің үш түрі бар: 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдердің сүт безі қатерлі ісік скринигі; 50 мен 70 жасқа дейінгі әйелдер мен ерлер арасындағы колоректальды қатерлі ісік скринингі; сондай-ақ, 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдердің жатыр мойын қатерлі ісік скринингі. Осының бәрі тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханаларында тегін жүзеге асырылады.

Осы скринингтердің барлығы ДДҰ сарапшыларымен ұсынылған.

Қазақстанда рак ауруларының 9 негізгі түрі басым: сүт безі қатерлі ісігі, тері ісігі, өкпе қатерлі ісігі, асқазан обыры, жатыр мойын обыры, жиек ішек обыры, тік ішек қатерлі ісігі және гемобластоз.

Биылғы жылы Үкімет 2018-2022 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес Кешенді жоспарын қабылдады. Келесі жылдан бастап медициналық көмектің сапасын арттыруға, онкологиялық диспансерлер жабдықталу паркін жаңартуға қосымша 35 млрд. теңге бөлінетін болады. Біз Қазақстанның барлық өңірлеріндегі онкологиялық мекемелердің жағдайына аудит жүргіздік. Бір жерлерде жабдықтар мен жаңа технологиялар жеткіліксіз. Мұның бәрі мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында шешілетін болады.

Мемлекет басшысы 2019 жылы Астанада ең озық халықаралық тәжірибеге негізделген онкологиялық науқастарға жоғары тиімді медициналық көмек көрсету үшін жаңа Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысын бастауды жоспарлап отырғанын атап өтті. Бұл көптеген адамдардың өмірін құтқаруға көмектеседі. Жаңа онкологиялық орталық соңғы жабдықтармен жабдықталатын болады.

Астанадағы жаңа Ұлттық онкологиялық орталықтың құрылысы біз үшін маңызды және басым міндет болып табылады. Өйткені біздің елімізде шын мәнінде жетіспейтін жабдықтармен жабдықталған заманауи орталық құру үшін қажеттілік туындады.

Елбасы атап өткендей, жаңа протон орталығы салынатын болады. Әлем бойынша барлығы 57 протон орталықтары ғана бар. Постсоветтік кеңістікте екі протонды орталық тек Ресейде ғана бар. Енді ол Қазақстанда да пайда болатын болады. Осындай жабдықтың елімізде пайда болуы арқасында, адамдар шетелге бара бермейтін болады және біз емді елімізді жүргізетін боламыз.

Біз барлық елдердің тәжірибесін зерттедік: Америка, Жапония, Еуропа, Оңтүстік Корея. Осы елдердің осы елдердің барлық озық технологияларын, соның ішінде молекулалық генетикалық зерттеулерін Қазақстанға енгізгіміз келеді. Осы Орталықта біз қатерлі ісік түрлерінің – сүт безі обырының және колоректальды қатерлі ісік ауруларының ерте диагностикалау әдістерін орнатқымыз келеді. Яғни, дәл қазіргі уақытта ауру бойынша жетекші орынды алатын патологияларға қатысты. Астанадағы жаңа Ұлттық онкологиялық орталық өткізу қабілеттілігі 8 мың адам құрайтын болады деп үміттенеміз. Протондық орталық жылына 1600-ге жуық адам қабылдай алады. Біздің еліміздің тұрғындарынан басқа, көрші аймақтардан келген науқастарды қабылдап, медициналық туризмді дамыта алатын боламыз.

Жаңа онкологиялық орталықта 200-ге жуық төсек орны болады деп жоспарлануда. Жілік майын трансплантациялауға мұқтаж гематологиялық науқастар үшін шамамен 70 төсек орны арналатыны жоспарлануда. Жыл сайын 8 мыңға жуық пациент жаңа Ұлттық онкологиялық зерттеулер орталығында емделетін болады.

Сондай-ақ, Елбасы өз сөзінде онкологиялық ауруларды емдеуде иммунотерапияны енгізу қажеттілігін атап өтті. Өткен аптада Медицина бойынша Нобель сыйлығын Жапониядан келген профессор Тасуко Хонджо және Америкалық профессор Джеймс Эллисон қатерлі ісікке кезінде иммунотерапияның жаңа әдісін ойлап тапқаны үшін берді.

Қазіргі таңда озық кезеңдерде аурудың дамуына жол бермейтін дәрі-дәрмектер ойлап табылған.

Нобель сыйлығының лауреаты жапондық профессор Тасуко Хонджо баяндама жасаған халықаралық конференцияда болдым. Оның айтуы бойынша, иммундық терапияның арқасында 2020 жылы біз онкологиялық ауруларды емдей аламыз және бұл ауру созылмалы аурулар санатына ене алады. Өкінішке орай, біз онкологиялық ауруларды тоқтата алмаймыз. Бірақ бұл ашылымның арқасында адамның өмірін ұзарта аламыз!

Біз, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері, Президент Н.Ә.Назарбаевтың сөзін ынта-ықыласпен тыңдадық, жолдаудың барлық тармақтарына тоқталдық.

Жолдауда бұқаралық спорттың және дене шынықтырудың қолжетімділігін жоғарылату, жоғары сапалы тағамды пайдалану қажеттілігі атап өтілді. Бұл халық арасында қатерлі ісікті дамыту қаупінің төмендейтінін білдіреді.

Әрине, біз Республикамыздағы ең озық ғылыми-практикалық онкологиялық ұйым болуға тиіс Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысын қолдаймыз!

Біз Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа да құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимылдардың белсенділігін арттыру бағытындағы саясатын қолдаймыз!