Қатерлі ісікті зерттеу бойынша ҚазОжРҒЗИ және IARC халықаралық ғылыми ынтымақтастығын дамыту

Қатерлі ісікті зерттеу бойынша ҚазОжРҒЗИ және IARC халықаралық ғылыми ынтымақтастығын дамыту

24 ақпанда ҚазОжРҒЗИ-да скрининг тобының MD, PhD, MPH Andre Cavalho және генетикалық эпидемиология тобының MSPH, MHS, PhD Hilary Robbins халықаралық обырды зерттеу агенттігінің (IARC (МАИР) зерттеушілерімен телеконференция өтті.
Тараптар Қазақстанның төмен дозалы спиральды компьютерлік томографияны пайдалана отырып, өкпе обыры скринингін енгізуді бағалаудың халықаралық жобасына қатысу перспективаларын талқылады. Кездесуде Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарындағы пилоттық скрининг нәтижелері, Қазақстандағы өкпе обыры бойынша эпидемиологиялық жағдай баяндалды.
Қазақстанда өкпе обыры өлім-жітім құрылымында бірінші орында тұр. Аурушаңдық пен өлім-жітімнің азаюына қарамастан, Қазақстанда күн сайын 10 жаңа өкпе обыры және осы аурудан 6 өлім оқиғасы диагностикаланады. 10 жаңа өкпе обырының 8 – і ерлер арасында және 2-і әйелдер арасында диагностикаланады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, өкпе обырының негізгі себебі (шамамен 80%) темекі шегу болып табылады: темекі шегу өтілі және темекі шегетіндердің саны көп болған сайын өкпе обырымен ауру соғұрлым жоғары болады.
Темекі шегуден басқа, аурудың даму қаупі кәсіби зияндылықтарда (көмір шаңын жұту, радонмен, кадмиямен, асбестпен, хроммен және т.б. байланыс кезінде), өкпе обырының отбасылық анамнезінде, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы болғанда артады. Пассивті темекі шегу, сондай-ақ өкпе обыры қаупін арттырады.
Төмен компьютерлік томография қауіп тобындағы тұрғындар арасында өкпе обырын скрининглеудің әдісі болуы мүмкін.
Қазақстанның өкпе обыры скринингін бағалау жөніндегі халықаралық зерттеуге қатысуы осы ауруды ерте диагностикалау бойынша жаңа құралдарды алуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Қазақстанда наурыз айы өкпе обырын ерте диагностикалау бойынша айлық болып жарияланды.