Медицина қызметкерлері күнімен!

Медицина қызметкерлері күнімен!

Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекеміз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Науқастарды сауықтыру, денсаулығын нығайту, онкологиямен ауыратын науқастардың өмірі мен денсаулығын жақсарту, ғылымның жаңа жетістіктеріне ашық болу кез келген жанның қолынан келмесі анық, тек мейірімді, жауапты және асыл адамдар ғана осындай жауапты мамандық иесі бола алады. Олай болса, мұндай адамдар біздің институттың қызметкерлері!
Медицинада ең маңыздысы – жоғары жауапкершілік сезімі, кәсібилік, жауаптылық және адамдарға көмектесуге деген ұмтылыс. Біздің институтта кездейсоқ қызметкерлер жоқ, дәл осы жерде күндіз-түні өз постында адамдардың денсаулығын, әсіресе өмірін сақтайтын ең нәзік және жанашыр адамдар жұмыс істейді. Осы атаулы күні Сізге және сіздің жақындарыңызға зор денсаулық, материалдық игілік, құрмет, түсіністік, шығармашылық табыс тілеймін! Күнделікті сырқаттарға көрсеткен жылулығыңыз бен көңіліңіз үшін, қамқорлығыңыз, әдептілігіңіз, жылы алақаныңыз бен мейірімді жүректеріңіз үшін рахмет. Мамандық жаңа көкжиектерге жол ашып, болашақ жетістіктерге шабыт пен қуат берсін! Ал ең үлкен марапат – алғысқа бөленген пациенттеріміздің шынайы, бақытты көздері болсын. Өйткені, біз адамдарға бақыт пен салауатты болашаққа деген үміттерін қайтарамыз!
Ізгі ниетпен, ҚазОРҒЗИ басқарма төрайымы Д.Р. Қайдарова. (Диляра Каидарова (Dilyara Kaidarova)