Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

2020 жылғы 10-11 желтоқсанда «Қазақстан онкологиясы. Кеше, бүгін, ертең» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференция ҚазОжРҒЗИ 60 жылдығына орай ұйымдастырылған.
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты және Қазақстан Республикасы онкологтар қауымдастығы сіздерді Конференцияға қатысуға шақырады!
Конференцияға Австралия, АҚШ, Испания, Швейцария, Германия, Түркия, Ресей, Грузия, Беларуссия, Корея, Италия, Өзбекстан және басқа елдерден жетекші сарапшылар шақырылды.
Конференция аясында онкогинекология, маммология, онкоурология бойынша мастер-кластар (live хирургия) өткізу жоспарлануда.
Іс-шара онлайн-форматта өтеді.
Салтанатты ашылуы 10 желтоқсанда сағат 16:00-де.
Конференцияның толық бағдарламасы және тіркелу cілтеме бойынша: https://www.kazior.kz