Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2021 жылғы 14-16 қазанда Түркістан қаласында, барлық түркітілдес елдердің тарихи және мәдени орталығында өтетін Қазақстан онкологтары мен радиологтарының кезекті VIII Съезіне қатысуға шақырамыз!
Съезд бағдарламасы заманауи онкологияның өзекті мәселелерінің кең ауқымын қамтиды:
· Онкологиялық қызметті ұйымдастыру және экономика;
· Онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте диагностикалау;
· Ісіктердің молекулалық биологиялық ерекшеліктері
· Сәулелік диагностика;
· Хирургияның заманауи жетістіктері (торакальды онкология, сүт бездерінің ісіктері, онкоурология, онкогинекология, бас және мойын ісіктері, сүйек және жұмсақ тіндердің ісіктері, колоректальды қатерлі ісік, балалар онкологиясы, нейроонкология);
· Дербестендірілген терапияның инновациялық әдістері;
· Сәулелік терапия мен таргеттік терапияның жоғары технологиялық әдістері;
· Патоморфологияның заманауи принциптері;
· Онкологиялық науқастарға оңалту және паллиативтік көмек көрсету мәселелері;
· Скринингтік бағдарламаларды іске асыру;
· Қатерлі ісіктердің дамуы мен эволюциясындағы ғылыми жаңалықтар;
және т.б.
Съезд жұмысына Франция, Испания, АҚШ, Түркия, Корея, Грузия, Ресей, Украина және ТМД елдерінің жетекші ғылыми және клиникалық орталықтарының ғалымдары мен тәжірибелі онколог-мамандары қатысады. Сонымен қатар, ҚазҒЗИ онкология және радиология мамандары шетелдік хирургтармен бірлесіп онкогинекология, маммология, торакальды онкология бойынша шеберлік сағаттарын (live surgery) өткізеді.
Съездге тіркелу және оның бағдарламасы туралы ақпаратты kazior.kz сайтынан таба аласыздар.
Құрметпен,
Д. Р. Қайдарова
ҚР ҰҒА академигі, профессор