Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ультракүлгін сәулелердің әсері және онымен байланысты тері аурулары мәселелері талқыланды

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ультракүлгін сәулелердің әсері және онымен байланысты тері аурулары мәселелері талқыланды

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ультракүлгін сәулелердің әсері және онымен байланысты тері аурулары мәселелері талқыланды

27 маусымда ҚазОжРҒЗИ-да халықаралық ультракүлгін сәулелену сақтығы айына арналған баспасөз конференциясы өтті. Жетекші онкологтар мен онкодерматологтар жазғы маусымда өзекті болып табылатын ультракүлгін сәулелердің теріге зиянды әсері және оның салдары мәселесін талқылады. Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі тері ісіктерін алдын алу және ерте диагностикалау болды.
Баспасөз конференциясын ҚР ДСМ штаттан тыс бас онкологы, ҚазОжРҒЗИ басқарма төрайымы, ҚР ҰҒА академигі, м.ғ.д. Диляра Қайдарова ашты. Ол өз баяндамасында тері ісіктерінің басым көпшілігі ультракүлгін (УК) сәулеленумен байланысты екенін атап өтті. Терінің ісік алды және ісік ауруларының алғашқы белгілерінің алдын алу және ерте анықтау тақырыбына ерекше назар аударылды.
Соңғы онжылдықтарда тері қатерлі ісігімен аурушаңдықтың жоғарылауы танымалдығы арта бастаған инсоляциясы жоғары елдерде демалыс пен ашық ауада белсенділі демалу түрлеріне байланысты. Меланомалық емес тері ісіктерінің шамамен 90%-ы күн сәулесінің ультракүлгін сәулеленуімен байланысты. Жаңа мең немесе тері дақтарының пайда болуы, оның сыртқы түрінің өзгеруі немесе меңнің тез өсуі – осы белгілердің барлығы дәрігерге көрінуге негіз болады», — деді Диляра Қайдарова.
Баспасөз конференциясына қатысушылар Меркель карциномасы мен меланома сияқты өте агрессивті, жылдам үдейтін тері ісіктерін талқылады. Мамандар ультракүлгін сәулеленуден қорғанудың тиімді шаралары бойынша ұсыныстар берді, терінің қатерлі ауруларының даму қаупі жоғары адамдар топтарын атады және білікті көмекті қай жерде және қандай ауру белгілері болғанда алу керектігі туралы ұсыныстар берді.
Бұл маңызды ақпараттық шараға «Ацино Каз» халықаралық фармацевтикалық компаниясы қолдау көрсетті.