Түркістан қаласында халықаралық ғалымдардың қатысумен Қазақстанның онкологтары мен радиологтарының VIII съезі өтуде

Түркістан қаласында халықаралық ғалымдардың қатысумен Қазақстанның онкологтары мен радиологтарының VIII съезі өтуде

2021 жылдың 14-16 қазанында Түркістан қаласында халықаралық ғалымдардың қатысумен Қазақстанның онкологтары мен радиологтарының VIII съезі өтуде. Іс-шара гибридті форматта офлайн және онлайн режимде өтіп жатыр.
Қазақстан онкологтары мен радиологтарының VIII съезінің салтанатты ашылу салтанатына:
• Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов;
• Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Алексей Цой;
• Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов;
• ҚР ДСМ штаттан тыс бас онкологы, «Қазақ онкология және радиология ҒЗИ» АҚ Басқарма Төрайымы Диляра Қайдарова;
• Американдық-Еуразиялық қатерлі ісікке қарсы альянстың атқарушы директоры Dr. Sophia Michaelson қатысты.
Сондай – ақ, Съезде ТМД елдерінің Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Украина елдерінің онкологиялық қызметтерінің басшылары сөз сөйледі.
Қазақстан онкологтары мен радиологтары съезінің бағдарламасы заманауи онкологияның өзекті мәселелерінің кең ауқымын қамтиды, олар: онкологиялық қызметті ұйымдастыру және оның экономикасы; онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте диагностикалау; ісіктердің молекулалық-биологиялық ерекшеліктері; сәулелік диагностика; хирургияның заманауи жетістіктері (торакальды онкология, сүт бездерінің ісіктері, онкоурология, онкогинекология, бас және мойын ісіктері, сүйек және жұмсақ тіндердің ісіктері, колоректальды қатерлі ісік, балалар онкологиясы, нейроонкология); дербестендірілген терапияның инновациялық әдістері; сәулелік терапия мен таргеттік терапияның жоғары технологиялық әдістері; патоморфологияның заманауи принциптері; онкологиялық науқастарға оңалту және паллиативтік көмек көрсету мәселелері; скринингтік бағдарламаларды іске асыру; қатерлі ісіктердің дамуы мен эволюциясындағы ғылыми жаңалықтар және тағы басқалар.
Съезд жұмысына Франция, Испания, АҚШ, Түркия, Корея, Грузия, Ресей, Украина және ТМД елдерінің жетекші ғылыми және клиникалық орталықтарының ғалымдары мен тәжірибелі онколог-мамандары қатысуда. Сонымен қатар, Қазақ онкология және радиология ҒЗИ мамандары шетелдік хирургтармен бірлесіп онкогинекология және маммология бойынша тікелей шеберлік-сағаттар (live surgery) өткізді.
Елімізде онкологиялық көмекті жетілдіру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған Кешенді жоспардың міндеттерін іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда отандық онкология практикасына ісіктерді ерте диагностикалау мен емдеудің мынадай заманауи әдістері кеңінен енгізілді: молекулярлық-генетикалық зерттеулер, иммуногистохимиялық зерттеулер, таргеттік терапия, жоғары технологиялық сәулелік және химиотерапия, иммунотерапия, ең аз инвазивті, лапороскопиялық, ағзаны сақтайтын операциялар:
«Онкологтар мен радиологтардың съезін өткізу онкология сияқты азаматтардың денсаулығын қорғау ісіндегі маңызды, әлеуметтік маңызды бағыт үшін қажетті маңызды ғылыми және практикалық оқиға болып табылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі онкологиялық көмектің дамуы мен проблемаларына көп көңіл бөледі. Елімізде онкологиялық көмек инфрақұрылымын дамыту жалғасуда. 2019 жылы Павлодарда жаңа онкологиялық орталық іске қосылды. 2020 жылы Маңғыстау облысында жаңа онкологиялық орталықтар салынды. Жамбыл облысында жаңа онкологиялық орталықтың құрылысы аяқталуда. Онкодиспансерлер заманауи емдеу-диагностикалық жабдықтармен: желілік үдеткіштермен, КТ және МРТ аппараттарымен, эндоскопиялық жабдықтармен жарақталады, Алматы, Өскемен, Атырау, Павлодар қалаларында жаңа желілік үдеткіштер орнатылды»,- деді Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.
Қазақстан онкологтары мен радиологтарының VIII съезінің ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан онкологтарының қауымдастығы және «Қазақ онкология және радиология ҒЗИ» АҚ болып табылады.
«Қазақстандық онкологтар онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу саласындағы жұмысты жалғастыруда және бүгінгі іс-шара пандемияның күрделі кезеңіне қарамастан, ғалымдар мен дәрігерлер өз жұмыстарын жалғастырып, қатерлі аурулармен күресудің жаңа тәсілдерін іздестіруде! Сіздердің практикалық іс-әрекеттеріңіз короновирустық инфекцияның таралуымен және оның онкологиялық науқастарға көмек көрсетуге ықтимал әсерімен күрделене түсетінін жақсы түсінеміз. Барлықтарыңызға табандылық, денсаулық және табысты ғылыми және кәсіби қызмет тілеймін!»- деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Съезд аясында нақты және виртуалды алаңдарда заманауи онкологияның өзекті мәселелері, соның ішінде COVID-19 пандемиясы жағдайында онкологиялық көмек көрсету мәселелері талқыланады.
«Съезде әлемнің жетекші ғылыми және клиникалық орталықтарының ғалымдары мен тәжірибешілері баяндама жасады. Мен Қазақстанның онкологтары мен радиологтарының 8 – ші съезі аясында біздің және шетелдік мамандардың арасында тамаша тәжірибе алмасу өтетініне, ал осы алмасу өнімі – алынған білім кең тәжірибеге енгізілетініне, жалпы алғанда еліміздің тұрғындарының денсаулығын нығайтуға қызмет ететініне сенімдімін», – деп атап өтті ҚР ҰҒА академигі, ҚР ДСМ штаттан тыс бас онкологы, ҚазОжРҒЗИ Басқарма Төрайымы Диляра Қайдарова.