Халықаралық госпитальдар Федерациясының басшысымен кездесу

Халықаралық госпитальдар Федерациясының басшысымен кездесу

2022 жылғы 01 шілдеде онлайн форматта ҚазОжРҒЗИ Басқарма Төрайымы өрайымы Д.Қайдарова мен Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы А. Шинболатова International Hospital Federation (IHF) басшысы, Рональд Лават мырзамен және бағдарламалық менеджер Анаис Лэйглмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар өз ұйымдарының қызметі, ұзақ мерзімді жоспарлау бойынша ағымдағы және болашақтағы жобалары мен өзара тиімді мәселелер туралы ақпараттарымен бөлісті.
Қазақстандық мамандар үшін онкологиялық орталықтардың басшылық құрамы үшін және онкологиялық қызметтің жас көшбасшылары үшін көшбасшылық мәселелері жөніндегі бағдарламалар, сондай-ақ телеконсультацияларды ұйымдастыру, пациенттер үшін екінші пікір алу және онкология мен радиология бойынша білім беру бағдарламалары қызығушылық тудырады.
Халықаралық ауруханалар Федерациясы – 1929 жылы Женевада штаб-пәтерімен құрылған жаһандық үкіметтік те, коммерциялықта емес ұйым. IHF ауруханалар мен денсаулық сақтау жүйелерінің жаһандық дауысы болып табылады.
Бүгінгі таңда Федерация бүкіл әлем бойынша 20 000-нан астам ауруханалар мен денсаулық сақтау ұйымдарын біріктіреді.