ҚАЗАҚ ОНКОЛОГИЯ ЖӘНЕ РАДИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ҚАЙДАРОВА Д.Р. ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – еліміздің ынтымақ пен бірлікке бастайтын күн. Қазақстанның негізін қалаған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жасаған еңбегі көп, елімізді көптеген биіктерге әкелді. Біз өркендеу жолындамыз, алда үлкен белестер күтуде! Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының үлкен құрмет пен сенімге ие болды! Осы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз!

3011