Қазақ онкология институтында профессор Мұстафа Өнджел және Түркияның Medipol Mega University Hospital клиникасының өкілдерімен кездесу өтті. Бұған дейін аталған клиникамен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған болатын.
Кездесу барысында ҚазОРҒЗИ басшылығы мен түрік әріптестері ынтымақтастықты дамыту бағытындағы алдағы қадамдарды, соның ішінде мамандарды даярлау және роботтандырылған хирургияны енгізу мәселелері талқыланды.
Профессор Мұстафа Өнджел қазақстандық колоректалды хирургты Түркияда EBSQ Coloproctology Certification Preparation Course аясында тағылымдамадан өтуге шақырды. Бұл бастама Түркияның колоректалды хирургия қоғамының Еуропалық EBSQ Coloproctology дипломын алуға дайындықты қолдау мақсатында жүзеге асырылып отыр. Аталған сертификат маманның жоғары кәсіби деңгейін, Еуропалық колопроктология қоғамы (European Society of Coloproctology) мен Еуропалық медициналық мамандар одағының (UEMS) стандарттарына сәйкестігін растайды және дәрігерлерге халықаралық клиникалық және білім беру бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді.
Бағдарлама Шығыс аймағының хирургтарын EBSQ (Coloproctology) еуропалық дипломын алуға дайындауды қолдауға бағытталған.
Сонымен қатар тараптар роботтандырылған хирургия саласында және екі ел мамандары арасындағы тәжірибе алмасу бағытында ынтымақтастықты дамыту жөнінде уағдаласты.
Medipol Mega University Hospital клиникасы Қазақстанда колоректалды хирургияны дамыту мен емдеудің халықаралық стандарттарын енгізу бойынша стратегиялық серіктес болмақ.




















