Халықаралық тәжірибе және визуализацияның заманауи тәсілдері
«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамының Радиология және ядролық медицина бөлімшесі мамандарды келесі тақырыптағы оқу вебинарына қатысуға шақырады:
«Плевралық мезотелиома: радиологиялық диагностика және негізгі деректер» (Pleural mesothelioma: diagnostic imaging and key facts).
Өткізу күні: 2025 жылғы 20 маусым
Басталу уақыты: 10:00 (Астана уақыты бойынша)
Форматы: ҚазОжРҒЗИ-дың кіші конференц-залында бетпе-бет қатысу және Zoom онлайн-платформасы арқылы қосылу
Спикер:
Марианна Загуровская, MD
Радиология және визуализация ғылымдары кафедрасының доценті
Indiana University Health Partners (АҚШ)
Іс-шараның мақсаты:
Плевралық мезотелиоманы визуализациялаудың қазіргі заманғы әдістерін талқылау, диагностикалық радиология саласындағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, халықаралық клиникалық тәжірибе алмасу.
Бұл вебинар ҚазОжРҒЗИ Радиология және ядролық медицина бөлімшесі ұйымдастыратын диагностикалық радиология бойынша үздіксіз кәсіби дамуға бағытталған оқу іс-шаралар сериясы аясында өткізіледі.
Мақсатты аудитория:
* Радиолог-дәрігерлер мен онкологтар
* «Онкология» және «Радиология» мамандықтары бойынша резиденттер
* Қазақстан өңірлеріндегі онкологиялық және диагностикалық мекемелердің мамандары
Онлайн қосылу сілтемесі: [https://zoom.us/j/88998649880](https://zoom.us/j/88998649880)
Конференция идентификаторы: 889 9864 9880
Қатысу коды: 550159
Сіздердің қатысуларыңызға қуаныштымыз. Институттың ресми ақпараттық ресурстарынан жаңалықтарды және алдағы іс-шараларды қадағалаңыздар.