Главная страница » Акционерное общество «Казахский научно-исследовательский институт онкологии и радиологии» объявляет о проведении отбора кандидатов на вакантные должности

«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы бос лауазымдарға үміткерлерді іріктеу туралы хабарлайды

от admin

Бос лауазым атауы: Басқарма төрағасының орынбасары – 1 бірлік. 

Қызметтің негізгі бағыттарының қысқаша сипаттамасы:

  • Мемлекеттік денсаулық сақтау саясаты мен онкологиялық көмекті ескере отырып, өңірлік дамудың басым бағыттарын айқындау;
  • Қоғам мен өңірлік онкоорталықтар, ауруханалар, диспансерлер және өзге де бейінді құрылымдар арасындағы тиімді өзара іс-қимылды жолға қою;
  • Онкологиялық аурулардың алдын алу, ерте анықтау және емдеу саласында жергілікті атқарушы органдармен және серіктестермен бірлескен бағдарламаларды бастамалау және іске асыру;
  • Қашық және аз қоныстанған өңірлерде консультациялық-диагностикалық қызметтердің қолжетімділігін арттыру;
  • Өңірлік деңгейде Қоғамның мемлекеттік тапсырмалары мен бағдарламаларының орындалуын ішкі мониторинг арқылы бақылау.

Негізгі талаптар:

1) қызмет саласы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы;
2) ғылыми дәрежесінің немесе PhD академиялық дәрежесінің болуы;
3) денсаулық сақтау жүйесінде және/немесе лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда кемінде 10 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл.

Негізгі талаптар:

1) қызмет саласы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы;
2) ғылыми дәрежесінің немесе PhD академиялық дәрежесінің болуы;
3) денсаулық сақтау жүйесінде және/немесе лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда кемінде 10 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл.

Білім мен дағдылар:

1) лауазым бейініне сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
2) қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру;
3) стратегиялық жоспарлау және бизнес-процестерді цифрландыру дағдылары;
4) тиімді коммуникация және келіссөз жүргізу дағдылары.

Іріктеуге бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылмаған, сондай-ақ өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы жоқ кез келген адам қатыса алады.

 Үміткерлер келесі құжаттарды қағаз және электрондық түрде ұсынуы тиіс: 

1) 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) 2-қосымшаға сәйкес нысандағы қызметтік тізімі;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) білімі туралы құжаттардың және қосымшаларының көшірмелері (түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсыну қажет):

  • шетелдік оқу орындарында білім алған ҚР азаматтарының дипломдарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі (егер «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша немесе өзара тану туралы халықаралық шарттар шеңберінде алынбаған болса);
  • «Болашақ» стипендиясы иелеріне берілген құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ берген оқу аяқталғаны туралы анықтама көшірмесі қоса беріледі;
  • халықаралық шарттар негізінде танылған дипломдарға білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган берген тану туралы анықтама көшірмесі тіркеледі;

5) ғылыми/академиялық дәреженің бар екенін растайтын құжаттар көшірмесі;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттар;
7) 075/у нысанындағы медициналық анықтама (құжаттарды тапсыру күніне дейін алты айдан аспаған мерзімде алынған);
8) Қоғамның қарамағындағы қызмет бағыты бойынша 5 жылға арналған даму бағдарламасы;
9) соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар (Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелерімен берілген).

Үміткерлер, сондай-ақ, өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады (біліктілікті арттыру туралы құжаттар, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және кәсіби қызметі мен біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер).

Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде келесі мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 91, 9-қабат, 922 кабинет немесе келесі электрондық пошта арқылы (тақырыпта «Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына іріктеуге қатысу үшін» деп көрсету қажет).

Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірі арқылы алуға болады: +77479007459 (W/A)

Ескерту. Алдын ала іріктеуден өткен үміткерлер Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген Комиссиямен әңгімелесуден өтеді.

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий