Бос лауазым атауы: Басқарма төрағасының орынбасары – 1 бірлік.
Негізгі қызмет бағытының қысқаша сипаттамасы:
- Денсаулық сақтау және онкологиялық көмек саласындағы мемлекеттік саясатты ескере отырып, өңірлік дамудың басым бағыттарын айқындау;
- Қоғам мен өңірлік онкологиялық орталықтар, ауруханалар, диспансерлер және өзге де бейіндік құрылымдар арасында тиімді өзара іс-қимыл тетіктерін жолға қою;
- Жергілікті атқарушы органдармен және серіктестермен онкологиялық аурулардың алдын алу, ерте анықтау және емдеу саласындағы бірлескен бағдарламаларды бастау және іске асыру;
- Шалғай және халық саны аз өңірлерде консультативтік және диагностикалық қызметтердің қолжетімділігін арттыру;
- Қоғамның мемлекеттік тапсырмалары мен бағдарламаларының өңірлік деңгейде іске асырылуына ішкі мониторинг жүргізу.
Негізгі талаптар:
1) «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білімінің болуы.
2) «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілік берілгені туралы куәліктің немесе «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің, не іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесінің және (немесе) «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттыру (қайта даярлау) туралы куәліктің болуы.
3) Денсаулық сақтау саласының тиісті мамандығы бойынша маман сертификатының болуы.
4) Клиникалық онкология саласында кемінде 10 жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл өтілдің болуы.
5) Төмендегі бағыттар бойынша құжаттармен (мақалалармен, баяндамалармен, сөз сөйлеулермен) расталған құзыреттердің болуы: қалалар және облыстар деңгейінде онкологиялық көмекті ұйымдастыру; онкорегистрлерді талдау және дамыту, пациенттерді маршрутизациялау, референттік орталықтар.
Білім мен дағдылар:
1) Лауазымның бейініне сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін білу;
2) Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру;
3) Стратегиялық жоспарлау және бизнес-процестерді цифрландыру дағдылары;
4) Тиімді коммуникациялар және келіссөздер жүргізу дағдылары.
Соттылығы заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтары бойынша соттылығы жоқ, сондай-ақ бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылмаған барлық қалаушылар құжат тапсыруға құқылы.
Үміткерлер келесі құжаттарды электрондық және қағаз түрінде ұсынуы тиіс:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік тізім (түзе);
3) Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) Білімі және оған қосымшалары туралы құжаттардың көшірмелері, түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсына отырып:
- Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білім туралы құжаттарының көшірмелеріне уәкілетті орган берген тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі (халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегерлері болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттар, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылуына жататын құжаттардан басқа);
- «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы бойынша оқу аяқталғаны туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;
- Өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылуына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган берген тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;
5) Ғылыми/академиялық дәреженің бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
6) Еңбек қызметін растайтын құжаттар;
7) Денсаулық жағдайы туралы № 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама (құжат тапсырған күнге дейін алты айдан аспай берілген);
8) Қоғам қызметінің курируемый бағытын дамытудың алдағы 5 жылға арналған бағдарламасы;
9) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Іріктеуге қатысуға ниет білдірген тұлғалар өздерінің біліміне, еңбек өтіліне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыным хаттар, ғылыми жарияланымдар және кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) ұсына алады.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде төмендегі мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қ., Абай даңғылы, 91, 9 қабатты әкімшілік ғимарат, 210-кабинет немесе электрондық пошта арқылы (тақырыпта — Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына іріктеуге қатысу үшін деген белгі қойылған болуы тиіс).
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 747 900 7459 (W/A)
Ескерту: Алдын ала іріктеуден өткен үміткерлер «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген Комиссияның сұхбаттасуынан өтеді.

















