795
2025 жылғы 15 мамырда «Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ медициналық орталығы базасында Ақтөбе облысының бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) мамандарына арналған оқыту семинары өтті.
Іс-шара Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОжРҒЗИ) Бастың және мойын ісіктері орталығының онколог-дәрігері Георгий Григорьевич Кимнің қатысуымен ұйымдастырылды.
Семинардың басты мақсаты — медицина қызметкерлерінің онкологиялық қырағылық деңгейін арттыру және бас пен мойын қатерлі ісіктерін ерте анықтау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Оқыту бағдарламасы аясында қатысушылар онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға арналған заманауи клиникалық-диагностикалық тәсілдермен, олардың клиникалық ағымының ерекшеліктерімен және пациенттерді мамандандырылған тексеруге жолдаудың алгоритмдерімен танысты.
Семинар барысында практикалық аспектілерге ерекше назар аударылды. Мастер-класста күмәнді жаңа түзілімдерді анықтау әдістері көрсетіліп, бастапқы диагностикадағы жиі жіберілетін қателіктер талданды және қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. Медициналық қызметкерлер өз тәжірибелеріндегі клиникалық жағдайларды талқылап, диагностикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.
Мұндай оқыту іс-шаралары БМСК мамандарының біліктілігін жүйелі түрде арттыруға, онкологиялық қызмет пен бастапқы буын арасындағы өзара байланысты нығайтуға, сондай-ақ қатерлі ісіктерді ерте анықтау және емдеу көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде аймақтағы онкологиялық өлім-жітім деңгейінің төмендеуіне тікелей әсер етеді.