Главная Новости Казахский институт онкологии и ведущие университеты КНР в области онкологии подписали трехсторонний меморандум сотрудничестве

Казахский институт онкологии и ведущие университеты КНР в области онкологии подписали трехсторонний меморандум сотрудничестве

от admin

2025 жылғы 20 тамызда «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында» (ҚазОРҒЗИ) Қытай Халық Республикасының делегациясымен стратегиялық кездесу өтті.

Алматыға Шаньдун медициналық онкология орталығының және Шыңжаң медициналық университеті мен оның аффилирленген онкология госпиталінің басшылары келді.

Делегация құрамына қатерлі ісіктерді емдеуге маманданған ғылыми орталықтардың жетекшілері кірді. Атап айтқанда: бас және мойын ісіктері орталығы, радиациялық онкология және ядролық медицина орталығы, трансплантология орталығы, биоматериалдарды сақтау орталығы, сондай-ақ жасанды интеллектті пайдалану орталығының өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыптары – халықаралық ынтымақтастықты дамыту, қатерлі ісік ауруларының алдын алу, диагностикасы мен емдеу саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы аясында бірлескен ғылыми бастамаларды кеңейту.

Шаньдун Бірінші медициналық университеті кеңесінің төрағасы, профессор Лю Сицзин (Sijin LIU) сәулелік терапия, онкохирургия және онкологиялық көмекті ұйымдастырудағы заманауи тәсілдерді таныстырды. Партиялық комитет хатшысының орынбасары Люй Юхуа (Youhua LU) ынтымақтастықтың келешегі туралы баяндады. Салалық орталықтардың жетекшілері өз жетістіктерін ұсынды, ал ҚазҰЗИОР мамандары радиология, ядролық медицина, ұлттық скрининг және онкологиялық қызметті цифрландырудағы тәжірибелерімен бөлісті.

– «Бүгінгі кездесу Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашады. Бірлескен зерттеулер, білім мен тәжірибе алмасу, кадр даярлау – клиникалық тәжірибеге инновациялық тәсілдерді енгізуге және пациенттер үшін сапалы көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Біз бұл ынтымақтастықтың өзара тиімді әрі стратегиялық тұрғыдан маңызды боларына сенімдіміз», – деді ҚазҰЗИОР басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, мамандардың тағылымдамасын өткізуге және клиникалық практикаға инновациялық технологияларды енгізуге дайын екендіктерін растады.

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий

Настройки доступности