Главная страница » Поздравляем с высокой государственной наградой

Поздравляем с высокой государственной наградой

от admin

Отандық медицинаның абыройлы өкілі – «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан елеулі үлесі, көпжылдық ғылыми-педагогикалық қызметі мен саланы дамыту жолындағы адал еңбегі үшін ҚазНИИОР АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, профессор Орынбай Даирбекұлы Даирбековке «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілді.

Орынбай Даирбекұлы Даирбеков — медицина ғылымдарының докторы, профессор, 55 жылдан астам уақыт бойы қазақ медицинасында абыроймен қызмет етіп келеді.
Ол — 220-дан астам ғылыми мақаланың, 9 монография мен 11 оқулықтың авторы, сондай-ақ 4 өнертабыс пен патент иесі.
Ғылыми жетекшілігімен 20-дан астам диссертация қорғалған.

ҚазНИИОР ұжымы атынан Орынбай Даирбекұлын жоғары мемлекеттік марапатымен шын жүректен құттықтаймыз.

Біз – өз ісіне адал, саналы ғұмырын ғылым мен денсаулық сақтауға арнаған, талай шәкірт тәрбиелеген көрнекті ғалымның біздің қатарымызда болғанын үлкен мақтаныш санаймыз.

Сізге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер және әріптестер мен пациенттердің алғысына толы ұзақ ғұмыр тілейміз.

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий