29 мамырда, Қазақ онкология институтының балалар онкология бөлімінде ерекше тренинг өтті. Шараны психология және әлеуметтік бөлім меңгерушісі Утеулова Алия Аскаеровна мен ұжымы ұйымдастырды.
Мақсат – онкологиямен күресіп жатқан балалардың жан дүниесіне демеу болып, өзіне деген сенімін арттыру. Балалар ойын мен шығармашылық арқылы армандарымен бөлісіп, өз бойларындағы күш-қайратты таныды. Олар тек ем алып жатқан науқас емес, үлкен арманы бар кішкентай тұлғалар екенін көрсетті.
Қазақ онкология институтының ұжымы балаларға тек медициналық емес, адамгершілік пен мейірімге толы қолдау көрсетуді өз миссиясының ажырамас бөлігі деп санайды.