Главная Новости Рабочий визит председателя правления Казахского института онкологии в Алматинскую область

Рабочий визит председателя правления Казахского института онкологии в Алматинскую область

от admin
2025 жылғы 9 шілде күні «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ Басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов Алматы облыстық көпбейінді клиникаға жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменовпен кездесу өтті. Кездесу барысында өңірдегі онкологиялық көмекті дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды, атап айтқанда:
  • көпбейінді клиниканың жаңа корпусын салу;
  • халықты онкоскринингпен қамту аясын кеңейту;
  • медициналық ұйымдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, Қазақ онкология институтының делегациясы клиниканың бөлімшелерін аралап, онкологиялық көмектің ұйымдастырылу деңгейі мен материалдық-техникалық жағдайына алдын ала баға берді. Мұндай жұмыс сапарлары ұлттық бейінді ұйымдар мен өңірлік денсаулық сақтау құрылымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтып, тұрғындарға онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, диагностика мен емдеудің бірыңғай стандарттарын енгізуге ықпал етеді және еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылады.

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий

Настройки доступности