Главная Новости Участие Казахстана в 17-м Международном форуме по развитию медицинской визуализации в Пекине

Участие Казахстана в 17-м Международном форуме по развитию медицинской визуализации в Пекине

от admin

2025 жылғы 15–16 тамызда Қазақ онкология институтының радиология және ядролық медицина бөлімінің меңгерушісі Жандос Мұқтарұлы Аманқұлов Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында өткен Beijing Medical Imaging Development Forum (BMIDF) XVII халықаралық форумына қатысты.

Арнайы «BMIDF Meets Kazakhstan» сессиясында ол «Қазақстандағы ядролық медицинаның инфрақұрылымын дамыту: көзқарастан іске асыруға дейін» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстандағы ядролық медицинаның инфрақұрылымын дамыту тәжірибесі мен келешегін ұсынды. Өз сөзінде спикер мемлекеттік стратегияны жүзеге асырудың кезеңдерін – тұжырымдамалық ойдан бастап заманауи орталықтарды ашуға және инновациялық диагностика мен терапия әдістерін енгізуге дейінгі жолды көрсетті.

Форумға қатысу отандық онкология мен радиология жетістіктерін халықаралық деңгейде танытуға, ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және жетекші шетелдік сарапшылармен тәжірибе алмасуға маңызды қадам болды.

Іс-шара қорытындысы бойынша шетелдік серіктестермен ынтымақтастық жөнінде келісімдерге қол қойылып, бұл Қазақстандағы медициналық ғылымды дамытуға және онкологиялық көмекті жетілдіруге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Вас может заинтересовать

Оставить комментарий

Настройки доступности