«ISRP» Француз жоғары психомоторлы оңалту институты ҚазОжРҒЗИ-де мейірбикелер үшін тренинг өткізуде.

«ISRP» Француз жоғары психомоторлы оңалту институты ҚазОжРҒЗИ-де мейірбикелер үшін тренинг өткізуде.

2022 жылғы 5-9 желтоқсан аралығында Денсаулық сақтау саласындағы қазақстан-француз ынтымақтастығы шеңберінде «ISRP» Француз жоғары психомоторлық оңалту институты Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының базасында онкологиялық көмекті ұйымдастыру бойынша мейірбикелер үшін тренинг өткізеді.
Оқыту практика мен кәсіби дағдыларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында онкологиядағы мейірбике ісінің барлық салаларына бағытталған. Ыңғайлы бағдарлама күндізгі және қашықтықтан оқытудың кезектесуінен тұрады.
Оқыту бағдарламасы 119 сағатты қамтиды, оның 77 сағаты қашықтан және 42 сағаты ҚазОжРҒЗИ аумағында (ұзақтығы 5 күн күндізгі + қашықтықтан оқыту + 5 күн күндізгі) өткізілетін болады. Қатысушылардың саны – 50, 25 адамнан тұратын екі топта ҚазОжРҒЗИ мен облыстық онкологиялық көмек көрсететін ұйымдардан мейірбикелер оқиды.
Оқу практикасын аяқтағаннан кейін қатысушылар есеп береді, оның қорытындысы бойынша оларға халықаралық үлгідегі сертификат беріледі.
Оқытушылар Францияның онкологиялық қызметінің тәжірибелі мамандары.
Ашылу салтанатына француз тарапынан денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөніндегі кеңесші, С3 Медикал компаниясының өкілі, сондай-ақ Қазақ онкология және радиология ҒЗИ басшылығы қатысты.