Жетекші – жоғары санатты дәрігер Елеубаева Жанар Болатқызы.

1960 жылы зертхана құрылды. Негізгі ғылыми бағыттары ісік алды мен ісік аурулардың цитоморфологиялық диагностиканың өзекті мәселелеріне, ҚР халықтың мақсатты профилактикалық зерттеулер жүйесінде қатерлі ісіктердің ерте нысандарын скрининг және цитологиялық зерттеулерін автоматтандыруына арналған. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері нұсқаулар, әдістемелік ұсынымдар және клиникалық цитологтардың даярланған кадрлар түрінде тәжірибелік қызметке енгізілген.

Қазіргі уақытта цитология зертханасы клиникалық цитология бойынша ғылыми, диагностикалық, консультативтік, әдістемелік және оқу бағдарламаларын орындап, сонымен қатар республикада жаңа инновациялық технологиялар тәжірибеге енгізеді. Зертхана қызметкерлері Халықаралық, Еуропалық, Жапон және Ресей клиникалық цитологтар қауымдастығының мүшелері болып табылады, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізеді.

Зертхана базасында жаңа технологиялар трансферт бойынша шебер-класстары өткізіледі: Ресей, Жапон, Корея ғалымдарымен бірге Пап-тест әдісімен ісік алды және ісіктер барысын қазіргі заманғы жіктеу (Бетезда) бойынша бағалау мен қолдануымен сұйықтық цитология аппаратына, ісіктердің морфометриясы мен иммуноцитохимиясына, ДНҚ плоидтылығына, фенотипті анықтау бойынша ағынды цитофлюориметріне оқыту.

Зертхана базасында Шибанова А.И. профессордың басшылығымен 17 медицина ғылымдарының кандидаттары дайындалды, клиникалық цитология мамандық бойынша 300-ден астам мамандары өтті, 35-тен астам әдістемелік ұсыныстар, 720 ғылыми мақалалар жарияланды. 2011 жылы Шапиро Н.А., Шибанова А.И., Елеубаева Ж.Б. авторлары болып табылатын «Өңеш, асқазан және ішектердің цитологиялық диагностикасы» атты нұсқаулық (атлас) шығарылды.