Ұлттық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі 7 деңгей
Бағдарламаны іске асыру мерзімдері 2022 ж. қыркүйек-2024 ж. тамыз
Бақылау құрылымы БКОО ОжРҚҒЗИ
Байланысушы тұлға БКОО ОжРҚҒЗИ
Әзірлеу үшін негіздеме ББ  Мемлекеттік  жалпы міндетті  білім стандарты негізінде жасалды,  ол  Қазахстан  Республикасының денсаулық және әлеуметтік даму министірлігінің № 63 04.07.2022 жылы  шыққан «Мемлекеттік  жалпы міндетті  білім стандарты  және медициналық және фармацевтикалық  мамандықтар бойынша кәсіби типтік оқу бағдарламаларын бекіту туралы » бұйрығымен бекітілген
Практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктері 2022 жылы СҚО облысына – 2, Шымкент – 1. Қазақстан бойынша-3.
Қазақстанда бар білім беру бағдарламалары 7R01115 – ҚР «Онкология радиациялық » мамандығы 8 жоғары оқу орнында бар: МУА, ҚММУ, БҚММУ, Семей мемлекеттік медицина университеті, МКТУ, ҚРМУ, ОҚМА, ҚазҰМУ
Алдыңғы білім Негізгі медициналық білімі, жоғары медициналық білімі, интернатураның болуы
Бітірушіге академиялық дәреже беріледі / біліктілік беріледі Дәрігер радиациялық онколог
Білім беру бағдарламасының миссиясы Бәсекеге қабілетті, шығармашылық және инновациялық ойлаушы, өз білімі мен жаңа буын мамандарының  дағдыларын  жүзеге асыра алатын құзыреттілігі мен жеке қасиеттерін қалыптастыру
Білім беру бағдарламасының мақсаты Медициналық көмек көрсету кезінде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, тәжірибе мен ғылымда озық инновациялық технологияларды қолдануға және дамытуға, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін пайдалануға, халықтың денсаулығын нығайтуға қабілетті мамандарды даярлау.
Оқу нәтижелері Бұл бағдарламаны бітірушілер өз шеберліктерін көрсете алады:

ON1 – пациентке жетекшілік ету: клиникалық диагнозды тұжырымдай алады, емдеу жоспарын тағайындай алады және дәлелді практика негізінде оның тиімділігін бағалай алады

ON2 – байланыс және ынтымақтастық: пациентпен, оның қоршаған ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыра алады.

ON3 – қауіпсіздік және сапа: медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін қауіптерді бағалауға және ең тиімді әдістерді қолдануға қабілетті.

ON4 – қоғамдық денсаулық: НҚА шеңберінде әрекет етуге, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсетуге, кәсіпқойаралық командалар құрамында жұмыс істеуге қабілетті.

ON5 – зерттеулер: зерттеу сұрақтарын тұжырымдай алады, халықаралық дерекқорларды тиімді қолдана алады, зерттеу тобының жұмысына қатыса алады.

ON6 – оқыту және дамыту: өз бетінше оқуға және команданың басқа мүшелерін оқытуға, үздіксіз кәсіби дамудың барлық түрлеріне қатысуға қабілетті.