Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі

ҚАЗАҚ ОНКОЛОГИЯ және РАДИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

СІЗДЕР ГОСПИТАЛДЫҚ ТІРКЕУ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫН БАҚЫЛАУ БӨЛІМШЕСІМЕН

                                      хабарласа аласыздар: телефон: 292-45-93

                                                                            немесе № 403 каб.

 

Біздің медициналық ұйымда

«Халықтың денсаулығы және

денсаулық сақтау жүйесі туралы»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІНІҢ

58 бабына сәйкес

ГОСПИТАЛДЫҚ ТІРКЕУ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР

САПАСЫН БАҚЫЛАУ БӨЛІМШЕСІ

құрылған

ГОСПИТАЛДЫҚ ТІРКЕУ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР

САПАСЫН БАҚЫЛАУ БӨЛІМШЕСІНІҢ

функциясына

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

көрсету тәртібін бұзу деректерін АНЫҚТАУ

жатады.

СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ ЕГЕР СІЗ:

  • Медициналық қызмет көрсету сапасына разы болмай қалсаңыз;
  • Медициналық қызметкер тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;
  • Тегін медициналық қызмет көрсетудың кепілдендірілген мөлшерінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін қаржы қаражатын бопсалау дерегіне тап болсаңыз;
  • Сондай-ақ Сізді медицинадық қызмет көрсету тәртібімен және сапасымен байланысты өзге де күрделі мәселелерге тап болсаңыз;

ГОСПИТАЛДЫҚ ТІРКЕУ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР

САПАСЫН БАҚЫЛАУ БӨЛІМШЕСІНЕ

хабарласуға құқылысыз.

Сіздің мәлімдемелеріңізді объективті және ашық түрде қарастыру мақсатында мәселе комиссия арқылы және Сіздің қатысуыңызбен қаралады.

Сізге ыңғайлы болуы үшін өз аты-жөніңізді, байланысу деректерін ( телефон, мекен-жай) көрсету арқылы  жазбаша мәлімдемеңізді медициналық ұйымның кіре-берісінде орналасқан мәліметтер жәшігіне қалдыра аласыздар. Сондай-ақ;

ӨЗ МӘЛІМДЕМЕҢІЗДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМНЫҢ САЙТЫНА

жолдай аласыз:

 

www.onko.kz

ГОСПИТАЛДЫҚ ТІРКЕУ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР

САПАСЫН БАҚЫЛАУ БӨЛІМШЕСІ

Сіздің мәліметтерді мүмкіндігі барынша қысқа уақыттың ішінде қарастырады.

Сіздің мәлімдемелеріңіздің нәтижелері бойыншы  Сізге ақпарат ұсынады.

ГОСПИТАЛДЫҚ ТІРКЕУ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР

САПАСЫН БАҚЫЛАУ БӨЛІМШЕСІ

Ем қабылдаған емделушілердің өзімен бірге олардың туысқандары да мәлімдеме жасауға құқылы. Біздің емделушілерге көрсетілген  медициналық көмек деңгейінде және сапасында қанағаттану дәрежесін анықтау мақсатында, сондай-ақ медициналық көмек көрсетудің күрделі мәселелері мен одан ары сапасын жақсарту мақсатында.

ГОСПИТАЛДЫҚ ТІРКЕУ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР

САПАСЫН БАҚЫЛАУ БӨЛІМШЕСІ

Біздің емделушілердің және олардың туыстарының арасында сауалнама жүргізеді,

 сауалнама сіздің құпияларыңызды сақтау арқылы ерікті негізде жүргізіледі, сондықтан Сізден сауалнамада аты-жөніңізді, немесе мекен-жайыңызды көрсету талап етілмейді.

Егер сіз таңдап алған сұрақтарға жауап беру барысында өз пікірініңізді анық білдіру арқылы сауалнаманың сұрақтарына нақты жауап берген болсаңыз, біз сізге алғыс айтқан болар едік және сіз біздің ұйымның медициналық көмек көрсету сапасының жақсаруына өз үлесіңізді қосқан болар едіңіз.

«СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ» медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және қызмет сапасы, сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі азаматтардың жүгінулеріне шұғыл әрекет ету мақсатында, азаматтардың құқықтарын және мүдделерін қорғау үшін ұйымдастырылған және олардың мәселелерін уақтылы шешу үшін  кері байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Азаматтардың «Сенім телефоны» арқылы жүгінулері бекітілген үлгіде жүгінулерді есепке алу журналында тіркеледі. Жасырын атпен жүгінулер (азаматтың аты-жөні көрсетілмей, мекен-жайсыз пошталық немесе электрондық) қаралмайды. Ақпараттық және консультациялық көмек көрсетілетін

«Сенім телефоны»

8 (727) –292–45–93

нөмірі бойынша аптаның жұмыс күндері

сағат 9:30 басталып, 17:30 ға дейін

(үзіліс сағат 13:00 бастап 14:00 дейін)

жұмыс істейді.