Жетекші – медицина ғылымдарының кандидаты Калиева Жансая Жалеловна

1970 жылы Эндоскопия және функциялық диагностиканың бөлімшесі Иншаков Л.Н.профессорымен ұйымдастырылды. Эндоскопия бөлімшесі эндоскопиялық ультрадыбыстық және флуоресценттік зерттеулер, суретті бірнеше рет үлкейту, шырышты қабықтың тірілеу бояуының мүмкіндігімен электронды эндоскопиялық бейнежүйесін, бейнеэндоскопты, ісіктерді нақтылайтын диагностикасының ең заманауи әдістерін қолданады.

Диагностикалық бағыттары:

  • Жоғары тыныс алу жолдарын зерттеу – эпифаринголярингоскопия
  • Кеңірдек пен бронхтарын зерттеу
  • – трахеобронхоскопия
  • Асқазан-ішек жолдарын зерттеу – эзофагогастродуоденоскопия, колоноскопия, эндоскопиялық холангио және панкреатография.
  • Эндоскопиялық диагностиканың жедел әдістемесі – шырышты қабықтың резекция мен диссекциясы, пункциялық биопсиялар.

Емдеу бағыты – асқазан-ішек жолдары мен тыныс алу мүшелерінің қатерсіз және қатерлі ісіктерін, ісік алды зақымдануын радикалды және паллиативті емдеудің қазіргі заманғы әдістерін, кеңірдек пен бронхтардың қатерлі ісіктердің паллиативті эндоскопиялық электродеструкциясын, асқазан-ішек жолдарының жоғарғы мен төменгі бөлімдерінің қатерсіз ісіктердің эндоскопиялық тұзақтық электроэкцизиясын, өңеш, асқазан және тоқ ішектің ерте обыры кезіндегі шырышты қабықтың эндоскопиялық резекциясын, АІЖ қатерлі ісіктер кезінде эндоскопиялық реканализациясын, стенттерді орнатуын қамтиды. Бөлімшеде спирография, эхокардиография сияқты функциялық зерттеулер жүргізіледі. Педагогикалық жұмыс: онкологиялық қызметі үшін эндоскопистерді дайындау бойынша бөлімше оқу базасы болып табылады. Соңғы 10 жылда бөлімшеде 150 астам мамандар дайындалды. Эндоскопия бөлімшенің қызметкерлері қалай бөлімшенің негізінде, сондай-ақ ҚР әр түрлі аймақтарында көшпелі оқу циклдер мен семинарлар шеңберінде педагогикалық және консультативтік жұмысты үнемі жүзеге асырады.