Ұлттық  жіктеу квалификациясы бойынша  квалификация деңгейі 7 деңгей
Бағдарламаны іске асыру мерзімі қыркүйек 2022- тамыз 2024
Курация құрылымы БКОО ОжРҚҒЗИ
Хабарласу үшін БКОО ОжРҚҒЗИ
Білім бағдарламасының негізі ББ  Мемлекеттік  жалпы міндетті  білім стандарты негізінде жасалды,  ол  Қазахстан  Республикасының денсаулық және әлеуметтік даму министірлігінің № 63 04.07.2022 жылы  шыққан «Мемлекеттік  жалпы міндетті  білім стандарты  және медициналық және фармацевтикалық  мамандықтар бойынша кәсіби типтік оқу бағдарламаларын бекіту туралы » бұйрығымен бекітілген
Практикалық  денсаулық сақтау саласының қажеттілігі 2022  жылғы  онкологтарға қажеттілігі . Алматы –  6, Караганда облысына- 1,  Түркістан облысына-і,  Қазақстан бойынша-10
Казақстандағы білім алу бағдарламалары 7R01124 – ҚР «Ересектер онкологиясы» мамандығы 8 жоғары оқу орнында бар: МУА, ҚММУ, БҚММУ, Семей мемлекеттік медицина университеті, МКТУ, ҚРМУ, ОҚМА, ҚазҰМУ
Алдындағы білім Базалық медициналық білім, жоғарғы медициналық білім, интернатураның болуы
Бітірушіге академиялық дәреже/  квалификация беріледі дәрігер онколог
Білім бағдарламасының миссиясы Бәсекеге қабілетті,  шығармашылық және инновциялық ойлау қабілеті бар, өзінің алған білімін және маман дағдысын қолдана білетін жаңа ұрпақ мамандарын дайындау
Білім бағдарламасының  мақсаты Ісік ауруларымен ауырған адамдарға медициналық көмек көрсетіп, қоғамның қажеттілігін орындау үшін мамандар дайындау, онкологиялық практикада, ғылымда инновациялық , информациялық және коммуникациялық  технологияларды дамытып тұрғындардың денсаулығын нығайту
Оқыту нәтижелері Осы бағдарламаларды бітірушілер көрсете алады:

NО1 Пациентке курация жасау: клиникалық   диагноз қою, емделу жоспарын жасау және  дәлелденген практика негізінде оның тиімділігіне баға беру.

NО2 Коммуникация  және   коллаборация:  науқастармен, басқа  медицина саласының мамандарымен тиімді қарым-қатынас  жасау

NО3 Қауіпсіздік және сапа: қауіпсіз және сапалы медициналық көмек көрсетуде тәуекелге баға бере отырып,  өте тиімді емдеу әдістерін қолдану

NО4 Қоғамдық денсаулық:  төтенше жағдай кезінде  НҚА шеңберінде ұйымдық бірлік құрамында  базалық көмек көрсету

NО5 Зерттеу: зерттеу мәселелерін  тұжырымдай білу, халықаралық базаларының мәліметтерін тиімді пайдалану,  зерттеу командасының жұмысына қатысу

NО6 Оқу және  даму:  өз бетінше білім алу және  ұжымның басқа мүшелерін оқыту, кәсіби дамудың  басқа түрлеріне қатысу.