Қазақстандық онкохирургтар Оңтүстік Кореяда оқудан өтті.

Қазақстандық онкохирургтар Оңтүстік Кореяда оқудан өтті.

2018 жылдың 20 тамызы мен 30 тамызы аралығында қазақстандық онкохирургтар Пусан қаласының Ұлттық университетінің (Оңтүстік Корея) ауруханасында оқудан өтті.

Оқытудан ҚазОРҒЗИ-дің екі онкоголог маманы эндоскопиялық урология және уроонкология бойынша м.ғ.к., Нургалиев Нуржан және Онгарбаев Бакытжан өтті.

Сапардың басты мақсаты – кәріс мамандарынан бүйректің қатерлі ісігін, қуықалды безді, қуықты хирургиялық емдеу үшін лапароскопиялық хирургия әдісін меңгеру болды. Оқу Пусан қаласының Ұлттық университетінің ауруханасының роботтық және эндоскопиялық хирургия орталығының урология және онкоурология бөлімі орталығында өтті.

10 күн ішінде қуықалды безі қатерлі ісігі, қуық және бүйрек life-хирургиясы бойынша сабақтар және лапароскопиялық хирургия бойынша тренингтер өткізілді. Курс аяқталғаннан кейін оларға Пусан қалалық мәжілісінен және Пусан ұлттық университетінің ауруханасының басшылығынан сертификаттар берілді.