Саммитке қатерлі ісікке қарсы күрестің 350-ден астам негізгі көшбасшылары қатысады: бұл жоғары лауазымды әлемдік көшбасшылар, мемлекеттердің бірінші ханымдары, денсаулық сақтау министрлері, дүниежүзілік ұйымдардың басшылары.
Саммиттің ұйымдастырушылары: Обырды бақылау жөніндегі халықаралық одақ, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік пен обырды зерттеу жөніндегі халықаралық агенттігі.
Саммитті қабылдаушы – Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ онкология және радиология Ғылыми-зерттеу институты.