Қарағанды қаласында DiVera Маммологиялық орталығының ашылуы

Қарағанды қаласында DiVera Маммологиялық орталығының ашылуы

4 наурызда Қарағанды қаласында осы өңірдегі «DiVera» маммологиялық орталығының ашылу рәсімі өтті.

Ашылу рәсіміне қатысқандар:

«ҚОРҒЗИ» АҚ Басқармасының Төрағасы, Академик – Кайдарова Д.Р., Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы – Нурлыбаев Е.Ш., Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Қарағанды қаласының №3 көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері – Жумакаев М.Д., «OLYMP MEDICAL GROUP» ЖШС бас директоры Сулейменов Е.А.

Қарағанды облысында барлығы 2019 жыл бойынша 571 рет сүт безінің қатерлі ісігі анықталған, бұл көрсеткіштер 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға көтерілгенді айғақтайды.

Ісік алды және ісік патологиясын ерте анықтауға бағытталған жүйелі түрде өткізіліп жатқан скрининг, уақтылы диагностика және емдеу тәжірибесін стандарттау әдісі біздің еліміздегі сүт безінің қатерлі ісігінен өмірден өту деңгейін төмендетуге әлдеқайда септігін тигізеді.

Осы орайда, Қарағанды қаласында «Divera» маммологиялық орталығын ашуға бастамасын қолға алып, маммологиялық қызмет көрсетулерді, хирургиялық маммологияны, сәулемен диагностикалауды, цитологиялық зерттеулерді, сондай-ақ бір-бірімен байланысты мамандар – гинеколог пен эндокринологтың қабылдауын ұсынудамыз.

Бұл жобаның мақсаты сүт безінің қатерлі ісігін диагностикалау әрі оны емдеу үшін кешенді тәсілдерді қолданып, сонымен қатар хирургиялық маммология арқылы медициналық қызмет көрсету сапасын көтеру.

Біздің басымды артықшылығымыз – орталықта томосинтез аппаратын қолдану.

Томосинтез – сүт безінің қатерлі ісігін диагностикалаудың инновациялық әдісі. Стандартты 2D маммографияға қарағанда әр түрлі бұрыштардан жұқа қабатты бейнесін жасау артықшылығы бар, бұл әдіс сүт безінің қатерлі ісігін ерте анықтап, пациенттің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. «DiVera» маммологиялық орталығы FujifilmAmuletInnovality ең заманауи аппаратымен жабдықталған, сондай-ақ қазіргі таңда Қарағанды облысында жалғыз болып табылады.

Маммологиялық орталықты құру әрі оны жабдықтау толығымен «OlympMedicalGroup» ЖШС 306 млн. теңге мөлшерінде жеке инвестициялар есебінен ғана жүзеге асырылды, яғни мемлекеттік бюджеттен қаражат тартылмады.

Сонымен қатар, МЖӘ жобасына сәйкес Қарағанды облысының халқына ТМККБК және МӘМС шеңберінде маммология әрі пластикалық хирургия саласындағы кешенді қызмет көрсетулерге қол жеткізуге мүмкіндік туындап отыр.