7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні! Өз емханаңызда тегін онкологиялық скринингтен өтіңіз!

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні! Өз емханаңызда тегін онкологиялық скринингтен өтіңіз!

Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын 7 сәуірде, яғни БҰҰ жүйесінде ауруларға қарсы жаһандық іс-қимылдарды үйлестіретін мамандандырылған мекеме Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрылған күні атап өтіледі. Бұл күні мыңдаған адамдар сапалы және бақытты өмір сүру үшін денсаулықтың маңыздылығын атап өтеді. 1950 жылдан бері жыл сайын Денсаулық күнін өткізу дәстүрге айналған.
Дүниежүзілік денсаулық күні – бұл адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау үшін бірлескен іс-қимыл жүргізу мақсатында планетамыздың әрбір тұрғынының назарын денсаулық пен денсаулық проблемаларына аударуға бағытталған жаһандық науқан.
Осыған орай, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты еліміздің барлық тұрғындарын онкологиялық скринингтен өтуге шақырады. Онкологиялық скринингті МӘМС шеңберінде өзіңіздің тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша орналасқан емханадан кез келген (жұмыс) күні тегін өте аласыз.
Қазіргі уақытта ҚР-да онкологиялық скринингтің 3 түрі қолжетімді:
30-70 жастағы әйелдерге – жатыр мойны обырына скринингі (әрбір 4 жыл сайын);
40-70 жастағы әйелдерге – сүт безі обырына скринингі (әрбір 2 жыл сайын);
50-70 жастағы ерлер мен әйелдер – колоректальды обыр скринингі (әр 2 жыл сайын).
Есте сақтаңыз! Ерте анықталған диагноз өмірді сақтайды!