Ұлттық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі | 7 деңгей |
Бағдарламаны іске асыру мерзімдері | 2022 ж. қыркүйек-2024 ж. тамыз |
Бақылау құрылымы | БКОО ОжРҚҒЗИ |
Байланысушы тұлға | БКОО ОжРҚҒЗИ |
Әзірлеу үшін негіздеме | ББ Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарты негізінде жасалды, ол Қазахстан Республикасының денсаулық және әлеуметтік даму министірлігінің № 63 04.07.2022 жылы шыққан «Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарты және медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша кәсіби типтік оқу бағдарламаларын бекіту туралы » бұйрығымен бекітілген |
Практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктері | 2022 жылы СҚО облысына – 2, Шымкент – 1. Қазақстан бойынша-3. |
Қазақстанда бар білім беру бағдарламалары | 7R01115 – ҚР «Онкология радиациялық » мамандығы 8 жоғары оқу орнында бар: МУА, ҚММУ, БҚММУ, Семей мемлекеттік медицина университеті, МКТУ, ҚРМУ, ОҚМА, ҚазҰМУ |
Алдыңғы білім | Негізгі медициналық білімі, жоғары медициналық білімі, интернатураның болуы |
Бітірушіге академиялық дәреже беріледі / біліктілік беріледі | Дәрігер радиациялық онколог |
Білім беру бағдарламасының миссиясы | Бәсекеге қабілетті, шығармашылық және инновациялық ойлаушы, өз білімі мен жаңа буын мамандарының дағдыларын жүзеге асыра алатын құзыреттілігі мен жеке қасиеттерін қалыптастыру |
Білім беру бағдарламасының мақсаты | Медициналық көмек көрсету кезінде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, тәжірибе мен ғылымда озық инновациялық технологияларды қолдануға және дамытуға, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін пайдалануға, халықтың денсаулығын нығайтуға қабілетті мамандарды даярлау. |
Оқу нәтижелері | Бұл бағдарламаны бітірушілер өз шеберліктерін көрсете алады:
ON1 – пациентке жетекшілік ету: клиникалық диагнозды тұжырымдай алады, емдеу жоспарын тағайындай алады және дәлелді практика негізінде оның тиімділігін бағалай алады ON2 – байланыс және ынтымақтастық: пациентпен, оның қоршаған ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыра алады. ON3 – қауіпсіздік және сапа: медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін қауіптерді бағалауға және ең тиімді әдістерді қолдануға қабілетті. ON4 – қоғамдық денсаулық: НҚА шеңберінде әрекет етуге, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсетуге, кәсіпқойаралық командалар құрамында жұмыс істеуге қабілетті. ON5 – зерттеулер: зерттеу сұрақтарын тұжырымдай алады, халықаралық дерекқорларды тиімді қолдана алады, зерттеу тобының жұмысына қатыса алады. ON6 – оқыту және дамыту: өз бетінше оқуға және команданың басқа мүшелерін оқытуға, үздіксіз кәсіби дамудың барлық түрлеріне қатысуға қабілетті. |