ЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ ӨТЕДІ

ЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ ӨТЕДІ

2020 жылдың 14 қарашасында (сенбі) Қазақ онкология және радиология ҒЗИ (Алматы) 09.00-ден 13.00-ге дейін ерлерге арналған Ашық есік күні өтеді!
Біздің онкоуролог-дәрігерлер барлық ниет білдірушілерді қабылдайды.
Онкоурологиялық қатерлі ісік белгілерін (бүйрек қатерлі ісігі, қуық безі түбінің қабынуы (простата) және аталық ұрық безі, қуық) ерте анықтау бойынша кеңес береміз.
40 жастан асқан ер адамдар шақырылады.
Егер сізде:
– Бүйрек ауруы;
– Зәрдегі қан қоспасы;
– Этиологиясы белгісіз анемия;
– Зәр шығару проблемалары (ауырсыну, ыңғайсыздық және т.б.);
– Аталық без бен ұманың аумағындағы ауырсыну немесе жайсыздық (ісіну және ауырлық сезімі, іштің төменгі бөлігі мен арқадағы ауырсыну мен ауырлық, ұмадағы сұйықтық, кеуде бездерінің нәзіктігі мен ұлғаюы) болса, онда сізге онкоуролог-дәрігеріне қаралу керек!
Өтініш білдіргендер «ҚазОжРҒЗИ» АҚ онкоуролог-дәрігерлерінен тегін кеңес ала алады, сондай-ақ бүйректің, қуықтың және қуықасты безінің УДЗ (көрсетілімдер болған кезде) өтеді. Сонымен қатар, көрсеткіштер бойынша кеуде қуысының рентгенографиясы жасалады.
Өзімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс.
Ашық есік күні бойынша қосымша ақпаратты +7 (727) 349-61-16 телефонына қоңырау шалу арқылы біле аласыз.
«ҚазОжРҒЗИ» АҚ мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 91 үйі Шагабутдинов көшесінің бұрышы.
Қабылдау-кеңес беру бөлімшесі.