Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі  «Жаңа замандағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауына жауап (Отклик)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа замандағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауына жауап (Отклик)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөніндегі міндеттерді атап өтті. Медицина жұртшылығы Мемлекет басшысының медицина қызметкерлеріне ынталандыру үстемеақыларын төлеу туралы тапсырмасын зор ынтамен қабылдады. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 150 миллиард теңге бөлінеді. Президент 2023 жылы медицина қызметкерлерінің жалақысы ел бойынша орташа жалақыдан 2 есеге жуық өсетінін атап өтті. Медицина қызметкерлерінің материалдық әл-ауқатын арттыру медициналық қызмет көрсету сапасына оң әсер етеді, олардың біліктілігін арттыруға деген ұмтылысын арттырады және олардың ертеңгі күнге деген сенімін нығайтады деп үміттенеміз.

Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық облыстарында ауыр науқастарға онкологиялық көмек көрсететін 19 мекеме жұмыс істейді. Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспар шеңберінде өңірлік онкологиялық орталықтарды қажетті заманауи жабдықтармен жарақтандыру, радиологиялық аппараттар паркін жаңарту көзделген.

Сонымен қатар, Қазақстанның онкологиялық қызметі жас кадрларды, онколог дәрігерлерді даярлауға, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға мүдделі.

Онкологиялық науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты мәселеге келер болсақ, дәрі-дәрмектерді жеткізуге «СҚ-Фармация» құрылымы жауап береді. Онкологиялық науқастар дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз етіледі, оларды мемлекет есебінен сатып алады. Бірақ, өкінішке орай, кейде шетелдік, өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерді жеткізуде іркілістер болады, ал онкологияны емдеуде науқас үшін әр минут маңызды. Президенттің Қазақстанда фармацевтикалық өндірісті дамыту туралы тапсырмасы дер кезінде айтылды және жақын арада онкологиялық науқастарға өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектерді ұзақ уақыт күтудің қажеті жоқ және олар ел ішінде әрдайым қолжетімді болады деп үміттенеміз.
Президент өз сөзінде жаңа көпсалалы ауруханалардың құрылысы туралы атап өтті. Бұған дейін Ұлт Көшбасшысы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Елордада ең озық халықаралық тәжірибе негізінде онкологиялық науқастарға жоғары тиімді медициналық көмек көрсету үшін жаңа Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың (ҰҒОО) құрылысы басталды. Жақында жаңа жабдықтармен жабдықталған Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ауыр науқастарға тегін онкологиялық көмек көрсететін болады.

«ҚазОжРҒЗИ» АҚ-да біздің мамандардың біліктілігін арттыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде, шетелдік мамандармен оқыту конференциялары, шеберлік-класстар, туморбордтар үнемі өткізіліп тұрады. Біз жоғары білікті кадрларды даярлауға мүдделіміз. Соңғы бірнеше жылда «ҚазОжРҒЗИ» АҚ-ның резидентурасында ондаған жас мамандар білім алып, олар оқудан кейін өңірлік онкологиялық орталықтарға жиберілді.
Онкологиялық аурулармен күрес – обырды ерте диагностикалау, емдеу, онкологиялық науқастардың өмір сүру сапасын арттыру – Қазақстанның әлеуметтік саясаты мен денсаулық сақтау саласының басым міндеттері болып табылады.

«ҚазОжРҒЗИ» АҚ-ның ұжымы Мемлекет басшысының айтылған барлық бастамаларын қолдайды. Біз мемлекетіміз бен қазақстандықтардың денсаулығы үшін жұмыс істейміз!

ҚР ДСМ бас онкологы, «Қазақ онкология және радиология ҒЗИ» АҚ-ның Басқарма Төрайымы, ҚР ҰҒА академигі, м.ғ.д., Диляра Радикқызы Қайдарова.