«ҚазОРҒЗИ» қызметкерлері «Белые ночи 2018» онкологиялық форумына қатысты

«ҚазОРҒЗИ» қызметкерлері «Белые ночи 2018» онкологиялық форумына қатысты

2018 жылдың 5-8 шілде аралығында болған «Белые ночи 2018» халықаралық онкологиялық IV Петербургтық форумға Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры м.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі Д.Р. Кайдарованың басшылығымен Қазақстандық делегацияда қатысты. Іс-шараға Ресей елінің онкология мамандары, ТМД елдерінің, Еуропаның, Азияның және Американың сарапшылары, сондай-ақ, аралас мамандықтың дәрігерлері мен ғалымдары, науқастарға арналған ұйымдардың өкілдері және т.б. 4000-нан астам адам қатысты.

Форумның ғылыми бағдарламасы әртүрлілігімен, қанықтылығымен ерекшеленді. Прибалтийск Park Inn by Radisson отелінің орталық-конгрессінің он бір залында төрт күн ішінде 55 тақырып бойынша 700-ден астам баяндама тыңдалып қызықты дебаттар, симпозиумдар мен семинарлар болды.  «Тірі хирургия» форматында  Н.Н. Петров атындағы онклологиялық Ұлттық медициналық зерттеу орталығының ота бөлімдерінен  тікелей трансляциямен 20 мастер-сынып өтті.

Әсіресе,  жұмыс күнінің барлық төрт күнінде де ауқымды қарастырылған тақырып асқазан обырын диагностикалау және емдеу, аналық безі обырын диагностикалау мен емдеу, сүт безі обыры тақырыптары болды.

Қазақстандағы асқазан обырын диагностикалау және емдеу, сүт безі обыры тақырыбында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Д.Р.Кайдарова екі баяндама оқыды. Сонымен қатар, практикалық қызметтің нәтижелерімен сүйек ісігін емдеу  және жұмсақ тін бойынша бас мамандар Г.А.Серикбаев және онкогениколог М.Р.Кайрбаев бөлісті.

«Белые ночи 2018» халықаралық онкологиялық IV Петербургтық форумға қатыса алмаған мамандар жақын уақытта барлық секцияның бейнежазбаларын http://forum-onco.ru/   сайтынан көре алады.

ҚазОРҒЗИ директорының орынбасары м.ғ.д., Ж.К.Чингисова, м.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі ҚазОРҒЗИ директоры Д.Р.Кайдарова, «Шенгавит» МО ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс бойынша бас директорының орынбасары м.ғ.к., А.В.Степанян.

м.ғ.д., онкогениколог Е.А.Ульрих,  м.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі ҚазОРҒЗИ директоры Д.Р.Кайдарова, ҚазОРҒЗИ директорының орынбасары м.ғ.д., Ж.К.Чингисова.

«Белые ночи» онкологиялық форумы аясында м.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі ҚазОРҒЗИ директоры Д.Р.Кайдарова, орынбасарлары  Ж.К.Чингисова және З.Д.Душимовамен бірге Н.Н.Петров атындағы онкологиялық Ұлттық медициналық зерттеу орталығына және Ресейдегі алғашқы протонмен емдеу клиникалық орталығына барды.

РФ-дағы және ТМД елдеріндегі Сергей Березин атындағы Медициналық институттың (СБМИ) Протонмен Емдеу Орталығы Онкологиямен ауыратын науқастарға протонды сәулемен емдеуді пайдаланатын бірінші медициналық мекеме. Экскурсия кезінде қонақтарға протонмен емдеуге дайындық үшін қажетті жоғарытехнологиялық диагностикалық жабдықтардың толық желісін, ядролы диагностика бөлімін (ПЭТ/КТ) радиофармпрепараттарының жұмысын, сондай-ақ, гентри жүйесімен жабдықталған екі емдеу бөлмесін көрсетті. (СБМИ) Протонмен Емдеу Орталығы 2017 жылдың күзінен бастап науқастарды қабылдай бастады. Ол жылына 800 адамды емдеуге есептелген, науқастардың жартысы балалар. Орталыққа барлық ресей аймақтарынан, сондай-ақ, ТМД және Еуропа елдеріненде онкологиялық диагноз қойылған науқастар келеді.

Ресей Федерациясының денсаулық сақтау Министрлігі Федеральды мемлекеттік бюджеттік мекеме «Н.Н.Петров атындағы онкологиялық Ұлттық медициналық зерттеу институты» 90 жылдан астам тәжірибесі бола тұра, ғылыми, клиникалық, білім беру қызметін жүзеге асырады. Ресей Федерациясының денсаулық сақтау Министрлігінің «СБМИ Н.Н.Петров атындағы онкологиялық Ұлттық медициналық зерттеу институты» ФМБМ-нің 400 төсекке арналған арнайы клиникасы (12 мамандандырылған бөлімше) обыр ауруы тіркелетін ауруханасы, ғылыми-зерттеу лаборотория бөлімшелері, мамандықтың барлық бөлімдерін қамтитын және оқу аудиторияларымен жабдықталған ғылыми-зерттеу және зертханалық бөлімшелері бар.

ҚазОРҒЗИ онкогеникология орталығының жетекшісі м.ғ.к., Е.К. Кукубасов, «СБМИ Н.Н. Петров атындағы онкология» ФМБМ онкогеникология бөлімінің ғылыми жетекшісі профессор И.В. Берлев, ҚР ҰҒА академигі ҚазОРҒЗИ директоры Д.Р.Кайдарова, ҚазОРҒЗИ директорының орынбасары м.ғ.д., Ж.К.Чингисова, ҚазОРҒЗИ-дің ғылым жөніндегі директорының орынбасары м.а. м.ғ.д., З.Д.Душимова.