Ең озбырлы қатерлі ісік

Ең озбырлы қатерлі ісік

Бас және мойын қатерлі ісігі қатерлі ісіктердің ең жылдам дамып келе жатқан түрі. Алайда, обырдың осы түрін ерте пайда болған кезден бастап, тіпті қымбат тұратын жабдықтарға жүгінбей-ақ анықтауға болады, ал, уақытылы ем қабылдау арқылы  80-90%-ға дейін бұл аурудан айығып кету мүмкіндігі бар. Олай болса, неге науқастар аурудың әбден асқынып кеткен кезінде онколог дәрігерлерге келеді?

Жыл сайын Қазақстанда 2000-нан астам адам бас және мойын обыры ауруымен ауырады. Аурудың бұл түрін жайылтпаудың бірнеше түрі бар. Бұл – ауыз қуысы, мұрын-жұтқыншақ, ерін, тіл, яғни адамның бірінші кезекте өзінде қандай өзгерістер болып жатқанын анықтай алатын органдары.

ҚазОРҒЗИ директоры Кайдарова Диляра соңғы жылдары аурудың осы түрінің бірнеше есе өскенін, себебі оларды анықтау дәрігерлер тарапынан артқанына байланысты, – дейді. Сондай-ақ, соңғы 4 жылда аурудың асқынған түрі көптеп байқалады. Бұл онкологтардың мұндай түрлі ауруларға жоғары назар аударуларының белгісі.

Мысалы, ерте анықталған қалқанша безі қатерлі ісігі кезінде алға қарай үрдіс байқалады. Және бұл алға қарай біршама ұмтылыс болып саналады.

Егер біз бұрын жаппай тегін тексеру жұмыстарын еліміздің екі қаласында өткізіп жүрген болсақ, кейінірек жаппай тексеруді төрт қалаға дейін ұлғайттық. Ал қазір біз Қазақстанның алты қаласында тексеру өткізіп жүрміз. Олар: Алматы, Астана, Семей, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды. Енді Астанада бас және мойын ісігіне арналған арнайы бір бөлімше ашылды. Және Астана науқастарына ем қабылдау үшін Алматыға келудің қажеттілігі жоқ.

Осы аурудың алғашқы белгілерін табу үшін біз жыл сайын 600-ге жуық дәрігерлерді оқытып шығарамыз. Бұл мамандықтар ЛОР-дәрігерлері мен тіс дәрігерлері.

Өкінішке орай, мен өзімде таяуда ғана, осы мәселеге байланысты  тіс дәрігерлерінің онкологиялық ауруларға елеусіз қарайтындарын байқадым. Әсіресе, дербес тіс дәрігерлері.

Дербес тіс дәрігерлердің қабылдауына барған кезде, олардың өз науқастарының тістеріне ғана мән беріп, ауыз қуысында болып жатқан мәселеге назар аудармайтынын  байқадым. Сондықтан мен біздің тіс дәрігерлерінің назарын ауыз және мұрын-жұтқыншақ қатерлі ісіктерінің алғашқы белгілерін анықтауға, жайылып кетуді шектеуге арналған бағдарламаларға қатысуға шақырғым келеді.

 

Олар қазірдің өзінде жасанды тістерді жаппай орнатумен айналысады, алайда олардың үстінен тексеріс жүргізілмейді.

 

Қауіп факторы

– Бас және мойын қатерлі ісігінің негізгі қауіп факторы ол – ұзақ уақыт темекі шегу мен ішімдік ішу екені белгілі, – дейді ҚазОРҒЗИ-дің ғылым жөніндегі директорының орынбасары Д.Адильбай.

 

Бұл комбинацияның ерекшелігі, егер адам ішімдікті қабылдаған кезде  шылым шегетін болса, қатерлі ісік ісігі он есе артады. Себебі спирт ауыздың және тілдің шырышты қабығын тітіркендіргендіктен, темекіден алынған канцероген шырыштың қабығына оңай еніп, онкологиялық ауруларға себеп болуы мүмкін. Яғни, ішімдік пен темекі шегу кез келген адам үшін ең үлкен қауіп.

Қазір оның үстіне адам папилломасы вирусы қауіп факторы болып келеді. Ол жатыр мойын обырының пайда болуының ең негізгі себебі ретінде бәріне белгілі, бірақ оның бас пен мойын ісіктерінің дамуына, атап айтқанда,  тіл тамыры мен ауызжұтқыншақ ауруларына қатысы бар екені анықталмады. Ауыз жұтқыншағы және ауыз қуысының аумағында пайда болған бас пен мойын қатерлі ісігінің 20-30 пайызы адам папилломасы вирусының әсерінен екенін біздің институт бөлімшелеріндегі аяқталған зерттеулерден көруге болады. Бұл дегеніміз, өте жоғары көрсеткіш.

 

Біз сонымен қатар, ішімдік пен темекі шегуден пайда болған обырлардың түрі 50 мен 60 жас аралығындағы адамдар арасында кең таралатынын анықтадық. Ал, адам папилломасының вирусы 30 бен 50 жас аралығындағы жастар арасында байқалады екен.

 

Көбінде, темекі тартпайтын, ішімдік ішпейтін адамдар ортасында.

Сонымен қатар, – дейді Адильбай, – олардың бәрі сыртқы тексеріс үшін қолжетімді және кез-келген қымбат зерттеуді қажет етпейтінін білеміз. Тек өзіңіздің ауыз қуысыңызды мұқият бақылап жүріңіз.

– Мысалы, тіл қатерлі ісігімен аурған науқасты әкелді, – дейді ҚазОРҒЗИ-дің директоры – және одан сұрап жатырмыз: «Сіз тіліңізде ойық жараның пайда болғанын байқамадыңыз ба?» Науқас: «Көрдім. Бірақ дәрігерге бармадым». Нені күтті, түсініксіз. Және мұндай науқастардың тілдерін алып тастайтын жағдайлар көптеп кездеседі. Ал бұл науқасты жарымжан ететін ота болып саналады.

Бұл жағдай сілекей бездеріне де қатысты. Ол адамның сыртына шығып көрініп тұрса да, науқас дәрігерге уақытында көрінбейді. Нәтижесінде, емделу үшін тек химия, сәуле және хирургиялық араласу ғана қалады, себебі, ауру 4 стадияға дейін асқынып кеткен…