20 қыркүйек гинекологиялық қатерлі ісік туралы хабарландырудың халықаралық күні болып жарияланды.

20 қыркүйек гинекологиялық қатерлі ісік туралы хабарландырудың халықаралық күні болып жарияланды.

20 қыркүйек гинекологиялық қатерлі ісік туралы хабарландырудың халықаралық күні болып жарияланды. ESGO және ENGAG қатерлі ісікпен күрес жөніндегі халықаралық ұйымдар 20-дан астам елдегі әйелдерді GODay – гинекологиялық қатерлі ісіксіз әлем бірлескен іс-қимылға шақырады.
2018 жылы әлемдегі 1,3 миллионнан астам әйелдерде гинекологиялық қатерлі ісік диагностикаланды: шамамен 44% жатыр мойны қатерлі ісігі, аналық без қатерлі ісігінің 23%-ы, 29% эндометрия қатерлі ісігі және тағы 5% басқа түрлері.
Әлемде 468 000 әйел 2018 жылы гинекологиялық қатерлі ісіктен қайтыс болды. Осы жағдайлардың 67% – ы жатыр мойны қатерлі ісігі (ЖМҚІ) құрады.
Гинекологиялық қатерлі ісіктер АҚШ-та шамамен 98 мың әйел адамды зақымдайды, 58 мың әйел жыл сайын Еуропада жатыр мойны қатерлі ісігімен анықталады. Әйелдердің гинекологиялық қатерлі ісік туралы хабардар болуының жалпы деңгейі әлі де төмен.
Халқаралық GO күні, әйелдер арасында “GO for…Awareness, Action, Hope, Life”,компанияысымен қоса әлемнің 20 мемлекеті бойынша 20 қыркүйек күні ісіктің алғақы тәуекел факторлары мен нышандарын және де ісікке қарсы шара қолдануы туралы, хабарды кең таратуға бағымдалған.
“Біз басқа да мүдделі тараптармен ынтымақтастықта және насихаттау топтарымен тығыз ынтымақтастықта ақпараттану деңгейін арттыра аламыз және гинекологиялық қатерлі ісіктердің алдын алу мен ерте анықтауын жақсарта аламыз деп үміттенеміз. Дүниежүзілік GO күні – бұл бүкіл әлемдегі әйелдердің өмір сүру деңгейі мен өмір сүру сапасын жақсарту бойынша бірлескен жаһандық күш-жігер”, – дейді ESGO президенті Денис Керлей.
Айта кетейік, гинекологиялық қатерлі ісіктердің алдын алуға болады. Тұрақты скрининг және тексерулер, сондай-ақ дұрыс өмір салтын таңдау қатерлі ісіктен қорғану мүмкіндігін арттырады. Қатерлі ісікті ерте диагностикалау кезінде тіпті толық емдеу мүмкін екенін есте сақтаңыз.
Аналық без қатерлі ісігі, жатыр мойны қатерлі ісігі, эндометрия қатерлі ісігі әйелдерді зақымдайтын қатерлі ісіктердің ең көп таралған түрлері болып табылады.
Жатыр мойны қатерлі ісігін тудыратын Адам папилломасы вирусы (АПВ). Бұны ерте сатысында ПАП-тест көмегімен толық диагностикалауға болады. Бұл ісіктің түрі ерте сатысында емделуі мүмкін. Алайда, 10 әйелдің 7-уі қараудан қашады.
ЖМҚІ туралы негізгі фактілер мен сандар:
• Зақымдаушы әйелдердің қатерлі ісіктері арасында ЖМҚІ төртінші орынға ие;
• Бұл ауруды алдын алуға болады, бірақ 2018 жылы 570 000 жаңа диагностикалық оқиға және бүкіл әлемде 311 000 адам өлімі болды;
• Европалық Одақта сағат сайын 2 әйел ЖМҚІ салдарынан өмірден озады;
• ЖМҚІ-нің басты себебі болып табылатын адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина онкогенді АПВ 70% – 80%-іне қарсы тиімді және жаңа ұрпақ үшін үлкен әлеуетті әсер етеді;
• Жатыр мойны қатерлі ісігін скринингтеу әдістерінің таралу деңгейі дамыған елдердің өзінде 80% – дан кем.

Акция туралы барлық жариялаулар #WorldGODay #Gofor хэштегісі бойынша, гинекологиялық қатерлі ісік туралы жаһандық әңгіме құру үшін қолжетімді болады.

ENGAG туралы ақпарат:
2012 жылы құрылған гинекологиялық қатерлі ісігіне табынған пациенттердің тобы. ENGAG – Еуропадағы ең үлкен ұжым, сонымен қатар гинекологиялық қатерлі ісігімен ауратын әйелдердің дауысы болып танылады.
ESGO туралы ақпарат:
ESGO Еуропа әйелдерінің гинекологиялық (гениталды және ЖМҚІ) қатерлі ісігі бар өмір сүруі мен өмір сүру сапасын жақсартуға арналған гинекологиялық қатерлі ісік бойынша Еуропаның жетекші ұйымы болып табылады. Гинекологиялық обырдың алдын алуға, емдеуге және зерттеуге және бүкіл әлемдегі медицина қызметкерлері мен зерттеушілерді оқытуға ықпал етеді.
1983 жылы құрылған сәттен бастап ESGO әлемнің 40-тан астам елінен 2500-ден астам мамандарды қосып, коммерциялық емес ұйым және форум болып табылады.