12 сәуір – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні

12 сәуір – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні

Бүгін, 12-сәуірде Қазақстанда ғылым қызметкерлерінің күні атап өтіледі.
Бұл күн көрнекті қазақстандық ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орайластырылған.
Бүгін біз, сіздерге Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-ның ғылыми қызметі туралы айтқымыз келеді, өйткені біздің дәрігерлер пациенттерді емдеумен ғана емес, онкологиядағы ғылыми зерттеулермен де айналысады.
ҚазОжРҒЗИ-дың ғылыми қызметі ҚазОжРҒЗИ-дың стратегиялық даму жоспарына, Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға бағытталып, ҚазОжРҒЗИ-дың онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚазОжРҒЗИ-да ғылыми зерттеулерді басқаруға бағытталған ғылыми кеңес жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Институтта жас ғалымдар кеңесі жұмыс істейді, оның міндеті – ҚазОжРҒЗИ ғылыми жұмысына жас қызметкерлер мен резиденттерді белсенді тарту.
«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ қызметтің клиникалық және ғылыми-зерттеу бейіні мамандарын шоғырландыру арқылы клиниканың, ғылым мен білімнің аумақтық интеграциясының нысаны болғандықтан, бұл институттың барлық ұжымын ғылыми қызметке тарту мүмкіндігін айқындайды. Резидентура мен PhD-докторантурада оқитын институттың ғылыми-әдістемелік орталықтары мен клиникалық бөлімшелерінің қызметкерлері де тікелей ғылыми зерттеулермен айналысады.
ҚазОжРҒЗИ-дың соңғы 20 жылдағы ғылыми зерттеулерінің ауқымы өте кең. Қазақ онкология және радиология ҒЗИ негізгі ғылыми-әдістемелік қызметі ісік ауруларының алдын алудың, скринингтің, онкологиялық науқастарды диагностикалаудың және емдеудің жоғары технологиялық тиімді әдістерін іздеуге, әзірлеуге және енгізуге бағытталған.
2021-2023 жылдары ҚазОжРҒЗИ-да келесі тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары (МҚБ) жүргізілуде:
«Қазіргі заманғы геномика тәсілдерін ескере отырып, қатерлі ауруларды ерте диагностикалау мен емдеудің инновациялық технологияларын әзірлеу және дамыту» (МҚБ). Іске асыру кезеңі: 2021-2023 жылдар.
«Қазақстан Республикасында дербестендірілген және алдын алу медицинасын енгізудің ұлттық бағдарламасы» (МҚБ). Іске асыру кезеңі: 2021-2023 жылдар.
«Индукцияланған глюкозаға тәуелді цитотоксикалық тотығу стрессі арқылы қатерлі ісікке қарсы терапияны дамыту» 2022 – 2023 жылдар (МҚБ).
«COVID-19 пандемиясы жағдайында онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды басқару бойынша инновациялық тәсіл» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілуде. Іске асыру кезеңі: 2022-2024 жылдар.
Бұдан басқа, ҚазОжРҒЗИ-да клиникаға дейінгі, клиникалық және бастамашыл ғылыми зерттеулер, оның ішінде жаңа препараттардың тиімділігі мен қауіпсіздігін зерделеу бойынша II және III фазалардың ашық, көп орталықты, рандомизацияланған зерттеулері үнемі жүргізіледі, сондай-ақ пациенттердің препараттарға ерте қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін халықаралық бағдарламалар жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, 2016 жылы клиникалық зерттеулер мен ерте қол жеткізу бағдарламалары 5 зерттеуде, 2017 жылы – 4 зерттеуде, 2018 жылы – 5 зерттеуде, 2019 жылы – 5 зерттеуде, 2021 жылы – 6 зерттеуде, 2022 жылы – 8 зерттеуде жүргізілді.
ҚазОжРҒЗИ ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелілігі отандық және шетелдік басылымдарда жарияланған әдістемелік ұсыныстардың, монографиялардың, оқу құралдарының, ғылыми мақалалардың едәуір санымен сипатталады.
2022 жылы 116 жарияланым, оның ішінде: 56 мақала және 60 тезис, бұл ретте қазақстандық басылымдарда – 39 (36 мақала, 3 тезис), халықаралық басылымдарда – 77 (20 мақала, 57 тезис), оның ішінде Web of of Science, Scopus, Springer-де рецензияланатын халықаралық басылымдарда – 26 жарияланым (20 мақала және 6 тезис) шығарылды. Денсаулық сақтау практикасына және енгізу актілерінің оқу процесіне 28-і енгізілді.

ҚазОжРҒЗИ рентгенология ғылыми қызметкерлерінің Хирш орташа индексі:
2020ж. – 0,9 (1 – ден 5-ке дейін)
2021ж. – 0,92 (1 – ден 6-ға дейін)
2022 ж. – 1,04 (1 – ден 8-ге дейін)
2012-2022 жылдары ҚазОжРҒЗИ қызметкерлері ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқықтары комитеті мақұлдаған 52 инновациялық патент алды); 8 елде Еуразиялық патенттік ұйым (ЕПҰ) мақұлдаған өнертабысқа арналған 2 Еуразиялық патент.

Институт базасында 2002 жылы құрылған (орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде баспа және электрондық нұсқаларында) рецензияланатын «Қазақстанның онкологиясы мен радиологиясы» ғылыми-практикалық журналы шығарылады. Журнал оқырмандардың кең аудиториясына бағытталған: ғалымдар, клиникалар, үміткерлер, оқытушылар, онкология және радиология мамандығы бойынша оқитын студенттер. Журнал 3 айда 1 рет шығарылады және жазылым бойынша Қазпошта арқылы Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне (жазылу индексі – 74684) және Интернет арқылы таратылады. Журнал Қазақстан Республикасындағы ең беделді журналдардың бірі болып табылады. Журнал ҚР БҒМ БҒСБК басылымдарының тізбесіне кіреді; нөлдік емес импакт-фактор алынды: қазақстандық дәйексөз базасында және РҒДИ базасында индекстеледі. Импакт-фактор: КазБЦ-0,059, РҒДИ-0,318.

Журнал сайтында www.oncojournal.kz. тіркелген оқырмандарға журналдың баспа түріндегі (онлайн-нұсқасында) және электрондық басылымдарының (ағылшын тілінде) барлық мақалаларына толық мәтінді қолжетімділік беріледі.