2018-2022 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар іс-шаралары шеңберінде Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері 2022 жылғы 28 ақпаннан бастап Қазақстан өңірлеріне шығуды жүзеге асыра бастады

2018-2022 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар іс-шаралары шеңберінде Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері 2022 жылғы 28 ақпаннан бастап Қазақстан өңірлеріне шығуды жүзеге асыра бастады

2022 жылғы 17 наурызда Ұлттық мониторинг және бағалау тобы Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына барып, Семей өңірінде жұмысын бастады. “Семей қаласының №1 ЕМХАНАСЫ”ШЖҚ КМК “№2 емхана” ШЖҚ КМК, “№12 Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы” КМҚК ұйымдарына мониторинг жүргізілді. Әйелдер мен ерлердің қарау кабинеттерінің, дәрігерге дейінгі кабинеттердің жұмысын бастапқы пациенттердің көзбен шолып қолжетімді локализациясын дұрыс тексеруге, онкологтар мен маммологтардың жұмыстарына және онкологиялық скринингтік бағдарламаларды іске асыруға, оның ішінде скринингтерді жүргізуге тексеру жүргізілді.
Мониторингтік топ құрамына онкохирург, PhD, Джуманов Абай Игликович және онкогинеколог Сатанова Алима Ринатовна кірді.
ШҚО-да онкологиялық көмек көрсету тиімділігін мониторингілеу мен бағалаудың өңірлік және аудандық топтары АМСК-ке бейінді қызметтерді интеграциялау, ШҚО онкологиялық қызметі қызметінің тиімділігін арттыру, Денсаулық сақтау басқармаларының, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен онкологиялық диспансерлердің және орталықтардың қызметіндегі өзара іс-қимыл мен сабақтастықты жақсарту мақсатында ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен құрылды.