2023 жылдың 13-14 шілдесінде Алматыда Best Of ASCO Kazakhstan-2023 саммиті өтеді.

2023 жылдың 13-14 шілдесінде Алматыда Best of ASCO Kazakhstan-2023 саммиті өтеді.

2023 жылдың 13-14 шілдесінде Алматыда Best of ASCO Kazakhstan-2023 саммиті өтеді.

Қазақстандағы ресми лицензияланған Best of ASCO (American Society of Clinical Oncology) бағдарламасы біздің қатысушыларымыз үшін онкология саласындағы соңғы жаңалықтар мен таңдаулы мәселелерден хабардар болу үшін бірегей мүмкіндік береді.

Спикерлер ретінде онкология cаласындағы белгілі халықаралық және отандық сарапшылар шақырылды. Екі күн ішінде сүт безі және өкпе обырын емдеуге арналған ғылыми симпозиумдар мен баяндамаларды тыңдап, әлемнің жетекші онкологтарымен тікелей араласып, онкологиялық ауруларды емдеу саласындағы тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік туады.

Біз баршаңызды қарсы алуға қуаныштымыз және ұсынылатын онкологиялық қызметті жақсартатын, пациенттеріміздің өмір сүру сапасына әсер ететін және қатерлі ісікке қарсы күресте үлкен мақсаттарға қол жеткізетін осы маңызды шараға қатысуға шақырамыз!

ASCO – онкологияның барлық салаларын қамтитын қайырымдылық, білім беру және ғылыми ұйым. ASCO онкологиялық мамандықтардың дәрігерлерін біріктіреді және дәрігерлерге әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
ASCO миссиясы – зерттеу, білім беру және пациенттерге сапалы көмек көрсету арқылы қатерлі ісікпен күресу.

Саммитке тіркелу және толық ақпарат:
https://boakazakhstanofficial2023.kazior.kz/kz/main/ және KazCS (Қазақстан қатерлі ісік қоғамы) мобильді қосымшасында:

Ізгі ниетпен,
Диляра Қайдарова
Қазақстан онкологтар қауымдастығының президенті.