2023 жылдың 13-14 шілдесінде Алматыда «Best Of ASCO» Саммиті өтеді.

2023 жылдың 13-14 шілдесінде Алматыда «Best of ASCO» Саммиті өтеді.

2023 жылдың 13-14 шілдесінде Қазақстанда алғаш рет онкология саласындағы танымал Best of ASCO Саммиті өтетіні туралы хабарлаймыз.
The Best of ASCO Kazakhstan-2023 – бұл американдық клиникалық онкология қоғамының (ASCO – American Society of Clinical Oncology) ресми лицензияланған бағдарламасы. Қазақстанда алғаш рет ресми Америкалық клиникалық онкология қауымдастығымен (ASCO) лицензияланған cаммиттің өтүі – біздің дәрігерлеріміз үшін онкология саласындағы соңғы жаңалықтар мен таңдаулы мәселелерден хабардар болу үшін бірегей мүмкіндік береді.
Спикерлер ретінде онкология cаласындағы белгілі халықаралық және отандық сарапшылар шақырылды. Екі күн ішінде сүт безі және өкпе обырын емдеуге арналған ғылыми симпозиумдар мен баяндамаларды тыңдап, әлемнің жетекші онкологтарымен тікелей араласып, онкологиялық ауруларды емдеу саласындағы тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік туады.
Аталған іс-шара онкологиялық аурулармен ауыратын пациенттерге медициналық кызметті, онкопациенттеріміздің өмір сүру сапасын жақсартуға, және қатерлі ісікке қарсы күресте үлкен мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді!
ASCO – онкологияның барлық салаларын қамтитын қайырымдылық, білім беру және ғылыми ұйым. ASCO онкологиялық мамандықтардың дәрігерлерін біріктіреді және дәрігерлерге әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. ASCO миссиясы – зерттеу, білім беру және пациенттерге сапалы медициналық көмек көрсету арқылы қатерлі ісікпен күресу.

Өтетін орны: Алматы қ., Оспанов көш. 401, Royal Tulip қонақ үйі, Ballroom залы.
Іс-шараның ашылуы: 13 шілде 2023 ж. сағат 10:00.

Саммит туралы толық ақпарат: https://boakazakhstanofficial2023.kazior.kz/kz/main/

БАҚ үшін аккредитация және анықтамалар: +7 701 705 78 76