2023 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында гемобластоз туралы ақпараттандыру апталығы аясында Ашық есік күні өтеді.

2023 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында гемобластоз туралы ақпараттандыру апталығы аясында Ашық есік күні өтеді.

Акция аясында кез келген адам онкогематологиялық ауруларды ерте анықтау, диагностикалау және емдеу тактикасы туралы гематологтардан кеңес ала алады.

Мекен-жайымыз: Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Консультативтік-диагностикалық орталық, 108 кабинет. Алматы, Абай даңғылы, 91 (Орталық стадионға қарама-қарсы).
Күні мен уақыты: 22 қыркүйек. 09.00-ден 16.00-ге дейін.

Лимфома – лимфа түйіндерінің ұлғаюымен және/немесе әртүрлі ішкі ағзалардың зақымдалуымен сипатталатын, «ісік» лимфоциттерінің бақыланбайтын жинақталуымен сипатталатын лимфа тінінің гематологиялық ауруларының тобы.
Лимфоманың алғашқы белгілері әртүрлі топтағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы (мойын, қолтық асты немесе шап), әлсіздік, терлеу, салмақ жоғалту, қышу сияқты белгілер де байқалуы мүмкін.