ҚазОРҒЗИ-ның анестезиолог-реаниматологтары Н.Н. Александров атындағы Республикалық онкология және медициналық радиология ғылыми-практикалық орталығында (Беларусь)  біліктілікті арттыру курсынан өтуде.

ҚазОРҒЗИ-ның анестезиолог-реаниматологтары Н.Н. Александров атындағы Республикалық онкология және медициналық радиология ғылыми-практикалық орталығында (Беларусь) біліктілікті арттыру курсынан өтуде.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының анестезиолог-реаниматолог дәрігерлері А.Е. Сейдалиева мен Г.Б. Раев Н.Н. Александров атындағы Республикалық онкология және радиология ғылыми-практикалық орталығында (Беларусь) біліктілікті арттыру курсынан өтуде.

Тренинг мынадай маңызды аспектілерді қамтиды: қатерлі ісік қаупі жоғары науқастардағы хирургияны анестезиялық басқару және операциядан кейінгі қарқынды терапия, тыныс алуды қамтамасыз етудің заманауи аспектілері, жедел массивті қан жоғалту кезіндегі қарқынды терапия, тамақтануды қамтамасыз ету, панцитопениялық синдром және онкологиядағы басқа да шұғыл жағдайлар.

Біздің дәрігерлер анестезиология мен реанимация және онкологиядағы қарқынды терапияның әртүрлі аспектілері бойынша тәжірибе алмасуға және оқытуға мүмкіндік алды.