АУЫЛ ХАЛҚЫ ҮШІН ЧЕК-АП (ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР) ЕНГІЗІЛУДЕ

АУЫЛ ХАЛҚЫ ҮШІН ЧЕК-АП (ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР) ЕНГІЗІЛУДЕ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Ажар Ғиният Қазақстандағы ересектер мен балаларға арналған профилактикалық тексерулердің тізбесін кеңейту туралы хабарлады.
Министр еліміздің ауыл тұрғындарын профилактикалық тексерумен қамтудың ерекше маңыздылығын атап өтті.
“Қазіргі уақытта үш негізгі жас тобы 18-29 жас, 30-44 жас, 45-65 жас бойынша ересек халықты профилактикалық тексеру пакеттерін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде”, – деп хабарлады А.Ғиният.
Ол бүгінгі таңда белгілі бір жас топтары үшін қажетті диагностикалық қызметтердің көлемі және сәйкесінше қажетті қаржылық қаражатты есептеу жүргізіліп жатқанын айтты.
“Бүгінде қала мен ауыл тұрғындары арасында профилактикалық тексерулердің қол жетімділігінде дисбаланс орын алғаны баршаға мәлім. Осыған байланысты ағымдағы жылы ауыл тұрғындары үшін профилактикалық тексеру пакеттерін, оның ішінде бірінші кезеңде ауылдық медициналық пункттер базасында енгізу жоспарлануда”, – деп атап өтті Ажар Ғиният.
Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі балалар контингенті ауруларының алдын алуға күш салуды жоспарлап отыр.
“Балалардың денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде Министрлік алдын алуға ерекше назар аударатын болады, өйткені ересек халықтың денсаулығының негіздері мен болашақ ауруларының алғышарттары дәл балалық шақта қаланады. Осыған байланысты жүргізіліп жатқан зерттеулердің ағымдағы көлемін ескере отырып, балаларды профилактикалық тексеру пакеттері кеңейтілетін болады”, – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Қазіргі уақытта пакеттерді түпкілікті қалыптастыру, НҚА-ға өзгерістер енгізу және профилактикалық тексерулерді қаржыландыру бойынша тиісті есептер бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бұдан басқа, мектеп медицинасын жетілдіру шеңберінде жаңа стандарт енгізілетін болады, бұл оқушыларды кәсіптік қарау тәсілдерін жүйелеуге және АІЖ, тірек-қимыл аппараты, көру және т. б. ауруларды ерте анықтауды күшейтуге мүмкіндік береді.