Өкпе қатерлі ісігі бойынша ашық есік күні

Өкпе қатерлі ісігі бойынша ашық есік күні

2018 жылдың 24 қарашасы күні (сенбі) сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында өкпе қатерлі ісігі туралы ақпараттандыру айына ыңғайластандырылған Ашық есік күні өтеді!

40 пен 70 жас аралығындағы науқастарға институтымыздың жетекші мамандары, білікті онкологтар тегін кеңес береді.

Онкологтың кеңесінен кейін өкпеге тегін төмендозалы компьютерлік томография жүргізілетін болады.

Егер науқастар қаласа темекі шегуден бас тарту мінез-құлқын қолдау бойынша психологтан кеңес ала алады.

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 91 үй, Шагабутдинов көшесінің бұрышы (Орталық Стадионға қарам-қарсы). Қабылдау-кеңес беру бөлімшесі.

IASLC-PPC_Early-Detection_8.5×11-1